Басты бет » Бозбала мен бойжеткен

Бозбала мен бойжеткен

ЫНТА БОЛСА АДАМДА…

Әр елдің ділімен, салт-дәстүрлерімен, әдет-ғұрыптарымен, мәдениетімен тереңірек танысу үшін сол мемлекеттерде тұратын халықтың тілін үйрену қажет екені белгілі. Осы орайда тілдерді меңгерудің маңызы зор. Қазіргі кезде Қазақстанда бірнеше тілді білетін жастар баршылық. Мысалы, Петропавл қаласының тұрғыны Якуб Латипов – сондай азаматтардың бірі.          Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясындағы «Түрік мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Якуб Рамазанұлы 1998 жылы Шымкент қаласында ...

Толығырақ »

Мектеп президенті – Данияр

Егеменді еліміздің ертеңі – жастар. Бүгінгі таңда мемлекетімізде білімді, талапты және бәсекеге қабілетті жастар аз емес. Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданындағы №1 Смирново орта мектебінің 11-сынып оқушысы Данияр Кудьяровты сондай талапты азамат деп айтуға болады. Данияр – өзі оқитын білім ордасының президенті, Оқу-ағарту министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитетінің біздің өңіріміз бойынша өкілі, аталмыш мемлекеттік мекеменің республикалық кеңесінің мүшесі. Жастардың кешенді дамуы ...

Толығырақ »

ҒАШЫҚТЫҚ ТУРАЛЫ ҒИБРАТТЫ СӨЗДЕР

Ғашық адам белгі берер түстен де — Ол білінер көзі көзге түскенде. Жүсіп Баласағұни ***** Тақуа болма, тентек болма – ғашық бол. ***** Көзі жанып тұрмағанның ғашық болдым дегені бекер. ***** Ғашық патша да, ғашық пақыр да жауласа алмас. Қожа Ахмет Ясауи ***** Қайратсыз ашу – тұл, қайғысыз ақыл – тұл. Тұрлаусыз ғашық – тұл, шәкіртсіз ғалым – тұл. Абай ...

Толығырақ »

15 сәуір – «Ғашықтар күні»

Қазақстанда бүгін «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» күні. Жылдағы дәстүр бойынша ұлттық ғашықтар күні елімізде 15 сәуірде аталып өтеді. Бұл күн ешбір құжатпен белгіленбеген, ешбір тарихи оқиғаға да негізделмеген. Аталмыш мерекені көбіне мектеп, колледж сияқты білім шаңырақтары атап өтеді. Елімізде бұрын ғашықтар күнін көпшілік 14 ақпандағы «Әулие Валентин» күнімен байланыстыратын. Десе де, соңғы жылдары ғашықтар мерекесін «Қозы Көрпеш — Баян ...

Толығырақ »

Томирис Байғабыл – «Еуразия аруы-2023» атанды

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде дәстүрлі «Еуразия аруы» сұлулық байқауы өтті. 100-ге жуық студент ару байқауға қатысуға ниет білдірсе, іріктеу кезеңінен өткен 7 бойжеткен ақтық сында өнер көрсетті. Үміткерлер Томирис Байғабыл, Жанель Серікова, Диана Үмбетовa, Сымбат Қабдыкәдірова, Диана Бахытқызы, Фариза Шиншалина, Әнел Жакаим «Этно-кэжуал», «Ретро-80», «Өнер», «Болашақ-модерн», «Грация» кезеңдері бойынша өзара бақ сынады. Арулардың өнеріне баға берген қазылар-алқасының құрамында елімізге ...

Толығырақ »

Көкпаршы қыз Алтынай

Алматы облысы Кеген ауданындағы Жалаңаш ауылында көкпар тартып жүрген 15 жастағы Алтынай есімді қыз желі қолданушыларын, табиғи көркімен, күлімдеген жүзімен баурап алды. Бұл туралы фотограф, режиссер Ернар Алмабек өзінің Instagram парақшасында видео жариялап, жазбамен бөлісті деп хабарлайды ZTB арнасы. «Көп бозбаланың ішінде атқа мініп жүрген жалғыз қызды көргенде көрерменнің бірі болар деп мән бермегем. Көкпар басталғанда әлгі қыз додаға кіріп ...

Толығырақ »

Психологиялық тест: Шынайы махаббатты қалай көресіз?

  Мына үш картинадағы бір суретті таңдап, шынайы махаббатыңызды қалай бағалайтыныңызды біліңіз!         1.Сіз өте мұқият адамсыз. Барлық істеріңізді жоспарлы түрде жүзеге асырасыз. Мақсатыңыздың жолында барлық қадамға баруға дайынсыз. Бұл әсіресе махаббат сезіміне қатысты деуге болады. 2. Сіз өте эммоцианалды адамсыз. Сондықтан үнемі құбылып тұрасыз. Бірде жұмсақ, бірде қаталсыз. Сондықтан сіздің қаталдық ұзаққа бармайды. Сезіміңізге өте адал ...

Толығырақ »

Бұл қазақтың сәукелесі емес!

Әлеуметтік желіде «Қазақстандық дизайнер Нью-Йорктегі көрмеде сәукелені халық назарына ұсынды» деген атаумен видео тарады.  Қара түсті сәукелені желі қолданушылары қызу талқылап, өз наразылықтарын білдіруде. Бірі «Қазақ емес монғол-қалмақ қыздарға көбірек ұқсайды екен. Қазақтың болмысынан мүлдем бөлек образ. Ұлтымызды сипаттайтын құндылықтарды өзгертіп, бұрмалауға ешкімнің құқығы жоқ. Сәукеле пішіні мұндай емес, ою өрнегі дұрыс емес,ол қара болмаған ешқашан. Қазақ ешқашан қырық бұрым ...

Толығырақ »

Мағжан – жігіт сұлтаны

Болашаққа сеніммен қадам басқан халқымыздың салт — дәстүрі, әдет ғұрпы, жөн — жоралғыларын бойына сіңіру, батыл, намысты ұлдарды тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарымыз бен төл өнерімізді дәріптеу, қазақи рухты жаңғыртып, ер азаматтар бойындағы ержүректілік пен ермінезділік, ұлтжандылық, дарындылық пен жігерлікті шыңдау мақсатында жуырда аудандық «Жігіт сұлтаны-2022» байқауы сайысы өтті. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттері, ата салтын ардақтайтын, өз ...

Толығырақ »

23 жасар ғалым «Дарын» сыйлығының лауреаты атанды

Биылғы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының «Ғылым» номинациясы бойынша лауреаты ретінде Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистранты Камила Егізбек атанды. Жас ғалым биомедицина саласы және су ортасын тазарту үшін наноқұрылымды темір бар материалдарды қолдану технологиясын зерттеумен айналысуда. Ол 15-тен астам ғылыми жарияланымдардың авторы, оның ішінде 10 мақала импакт факторы жоғары халықаралық басылымдарда жарияланған. Scopus базасы бойынша 23 жастағы ғалымның Хирш индексі ...

Толығырақ »