Басты бет » Бозбала мен бойжеткен » 23 жастағы қазақ қызы әскери ұшақты басқарып жүр

23 жастағы қазақ қызы әскери ұшақты басқарып жүр

          Өткен 6 шілде, Астана күнінде қазақтың ұшқыш қызы бір ерлігін Астана мерекесінің құрметіне арнады.

ardana

 

«Сіздерге Ұлттық ұланның 23 жастағы аға ұшқыш-штурманы Ардана Ботайды (суретте) таныстырайын. Ол Қарағанды облысында туып-өскен. Кейін отбасы Астанаға көшіп келді.
Ардана 2011-жылы №2 мектеп-гимназияны бітірген соң Алматыдағы Азаматтық авиация академиясына оқуға түскен. 2013-жылы Қазақстан мен Финляндия арасындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға сәйкес, Хельсинки қаласындағы әскери ұшқыштар даярлайтын «Патрия» мектебіне қабылданған. 2015-жылы коммерциялық ұшудың «№FІN FCL83136» еуропалық стандарты лицензиясын алған.
Ардана бүгінде Ұлттық ұлан авиациясында – «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында қызмет етуде. Ардананың 240 сағаттық ұшу тәжірибесі бар. Ол ертең тұңғыш рет «АН-26» әскери ұшағының штурвалына отырмақ және бұл сапарын Елорда күніне арнамақшы. Қайсар қызға сәттілік тілейміз!», – деп хабарлайды Мөлдір Еркінқызы атты қолданушы Facebook жеке парақшасында.Ардана
Қазақтың жап-жас әскери ұшқыш қызына сүйсіне тілегін жазған қолданушылар көп.

http://stan.kz/

 

Пікір жазу