Басты бет » Жаңалықтар (страница 100)

Жаңалықтар

Жаңа мүмкіндіктерді кеңейту: IZBASAR және Murager білім беру бағдарламалары басталды

Жаңа мүмкіндіктерді кеңейту: Қазатомөнеркәсіп IZBASAR және Murager білім беру бағдарламаларының басталғаны туралы хабарлайды. «Қазатомөнеркәсіп жергілікті тұрғындар үшін білім беру сапасы мен қолжетімділігін арттыру арқылы қатысу өңірлерін дамытуға ерекше назар аударады. Біздің стратегиямыз білікті және білімді жастарды қалыптастыруға ықпал ететін зияткерлік ортаны құруға бағытталған. Жоғарыда аталған стратегияны іске асыру үшін Murager және IZBASAR бағдарламалары жұмыс істейді», – деп атап өтті «Қазатомөнеркәсіп» ...

Толығырақ »

«Jas Qazaq» лагері шетелдегі қазақ балаларын қарсы алды

25 маусымда шетелде қандас балаларға арналған «Jas Qazaq» жазғы этно-лагері ашылды. Жазғы лагерь қатысушылары алдымен Бәйтеректі, Ұлттық музей мен Экспо көрмесін аралап көрді.   Жыл сайынға дәстүрге айналған «Jas Qazaq» жазғы этно-лагері биыл төртінші рет өтіп отыр. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар қоры» КЕАҚ ұйымдастыруымен және IQanat қорының қолдауымен бастау алған лагерьге бұған дейін 400-ден аса қандас балалар ...

Толығырақ »

100 бала білім беру лагеріне аттанды

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ алаңында өткен салтанатты іс-шара барысында атомхолдингі қызметкерлерінің 100 баласы жазғы демалысқа IQanat High School of Burabay білім беру лагеріне аттанды.Жазғы лагерьге бару үшін 8-10 сынып оқушылары Қазақстан тарихынан, математикадан,география және ағылшын тілінен және Қазатомөнеркәсіптің қызметіне қатысты тестілеуденөтіп, конкурсқа қатысты. Арнайы ауылдық квотаны енгізудің арқасында компанияәлеуметтік жобаның барлық қатысушылары үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ете алды. «Бүгін біздің алдымызда ...

Толығырақ »

AUEZOV UNIVERSITY ҒАЛЫМЫ «ЖАС ҒАЛЫМ» ГРАНТЫНА ИЕ БОЛДЫ

AUEZOV UNIVERSITY ғалымы Әсел Тлеукеева шөгінді суларды кәдеге жарататын жобасы үшін «Жас ғалым» грантын ұтып алды, деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі. Әлемде, елімізде болсын ғалымдардың бастамасымен қатты қалдықтарды өңдеп, кәдеге жарату бойынша түрлі жобалар іске асып келеді. Ал М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ғалымы, PhD Әсел Тлеукеева құрамында фосфоры бар шөгінді суларды кәдеге жаратумен айналысатын инновациялық ...

Толығырақ »

ТҮРКИЯНЫҢ КОНЬЯ ҚАЛАСЫНДА ҚАЗАҚ МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ МЕН «АБАЙ ҮЙІ» АШЫЛДЫ

Ұлы көш... 70 жыл бұрын басталған тарих... Гималай асып, Пәкістан, Үндістанды артқа тастап, дархан даланың асқар тауын, мұхит-теңіздерін кешіп өткен отандастарымыздың соңғы табан тіреген жері – Түркия Республикасы болды. Көштің ұзақ, ауыр, тіпті азапты сапарынан кейін Анадолы жерінің қақ ортасындағы Исмил ауданы – қазақтар көп шоғырланған қасиетті мекенге айналды. 1955 жылы Түркия үкіметі Исмилдің шығыс бөлігінде үйлер салып, егіншілікпен айналысу ...

Толығырақ »

1 ҚЫРКҮЙЕКТЕН БАСТАП СТУДЕНТТЕРДІҢ СТИПЕНДИЯСЫ КӨБЕЙЕДІ

Премьер-Министр Олжас Бектенов 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап колледждер мен ЖОО студенттеріне арналған стипендияларды арттыруды көздейтін Үкімет қаулысына қол қойды. ✔️ Колледж студенттері үшін шәкіртақы 50%-ға артып, жұмысшы мамандықтары бойынша 43 574 теңгені, орта буын мамандары үшін 41 896 теңгені құрайтын болады. ✔️ Бакалавриат студенттерінің стипендиясы 20%-ға артып, 47 135 теңгеге дейін, ал педагогика және медицина бағыттарындағы білім алушылардың стипендиясы ...

Толығырақ »

МИНИСТР ҰБТ-ДА 140 БАЛЛ ЖИНАҒАН ТҮЛЕКТІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҰБТ-дан 140 балл жинаған Жаннұр Еңсебекті құттықтап, ата-анасына алғыс білдірді. Сондай-ақ түлекті дайындаған ұстаздардың рөліне де тоқталып өтті. «Жаннұрдың ҰБТ-да жоғары көрсеткіш көрсетуі – бұл еңбекқорлықтың, шыдамдылық пен ынтаның нәтижесі. Бұл ретте ата-ананың қолдауы, қамқорлығы мен балаға деген сенімін де айта кету керек. Сондай-ақ мұғалімдердің де кәсібиліктері мен жұмыстарына деген адалдықтарының арқасы. Бұл ...

Толығырақ »

Астанада ҰБТ-дан 140 балл жинаған оқушыға 5 млн теңге берілді

Астанада ҰБТ-дан 140 балл жинаған түлекке 5 миллион теңге сыйлық берілді. Бұл туралы Jastar janary порталы хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаап.  Фото: astanatv.kz ҰБТ-дан 140 балл жинаған Р.Қошқарбаев атындағы Қосшы мектебінің оқушысы Ержанова Айымға «Zerdeli» ақыл-ой дамыту орталығының атынан 5 миллион теңге және iPhone 15 телефоны сыйлыққа берілді. Ал ҰБТ-дан 139 балл жинаған Ақнұр Утеқұл мен 137 балл жинаған Мардан Куншыгаровға iPhone 15 телефоны ...

Толығырақ »

«Академиялық ұтқырлық»: Польша елінде білім алған қос бойжеткен

Талапкер университет табалдырығын аттағаннан бастап, өзі таңдаған мамандығы бойынша тереңірек білім алуға мүмкіндік алады. Қазір жалынды әрі білімді жастардың заманы, өз ойларын, білу қабілеттерін арттыру жолында студенттеріміздің көбісі тек Қазақстанның білімімен ғана шектеліп қоймай, сондай-ақ шетел университеттерінде де оқығылары келеді. Осы мақсатта арнайы «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы құралған болатын. Жанерке Жандосова                      ...

Толығырақ »

Мамандық таңдадың ба, жас түлек?

МӨЛТЕК СЫР «Өмірде екі нәрседен қателеспеу керек – жар және мамандық таңдаудан» дегенді жиі айтамыз. Расымен де, бұл сөз қазір жастар үшін үлкен маңызға ие, себебі көбісі өз арманын қуу жолында қателесуі мүмкін. Бұл айтылған ойдың астарында ақиқат жатыр. Өсіп келе жатқан болашақ ұрпақ, ең алдымен, мамандық табудан қателеспеу керек. «Менің болашақ мамандығым?» деген сұрақтың өзі терең ойға батыратыны рас. ...

Толығырақ »