«1001 түн» бағдарламасында Қазақстан Футзал қауымдастығының медиа офицері Әлімжан Тасболатұлы Темірлан Анарбековтің Ұлттық құрамаға қалай қабылданғаны жайында айтты.
«Кеңейтілген тізімде Темірлан Анарбеков болмады. Бұл оқиғаны тағдыр деуге болатын шығар. Өйткені негізгі қақпашы Заруцкий жарақатына байланысты ойнай алмады. Оның орнына Темірлан шықты. Қазақ футболында жаңа жұлдыз пайда болды. Оның жеңісі тек ерлерді немесе футболсүйер қауымды шабыттандырып қана қойған жоқ. Темірланды кумир санайтын кішкентай ізбасарлар өсіп келеді. Бір ғана Атыраудың өзінде қаншама бала Темірлан сияқты болуды армандайды. Біздің толқын Дрогба сияқтыларды үлгі тұтса, қазір өзіміздің артымыздан ерген жас буын Темірлан, Дастан, Максимге еліктейді», – дейді Әлімжан Тасболатұлы.