Астанада ҰБТ-дан 140 балл жинаған түлекке 5 миллион теңге сыйлық берілді. Бұл туралы Jastar janary порталы хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаап.
Фото: astanatv.kz
ҰБТ-дан 140 балл жинаған Р.Қошқарбаев атындағы Қосшы мектебінің оқушысы Ержанова Айымға «Zerdeli» ақыл-ой дамыту орталығының атынан 5 миллион теңге және iPhone 15 телефоны сыйлыққа берілді.
Ал ҰБТ-дан 139 балл жинаған Ақнұр Утеқұл мен 137 балл жинаған Мардан Куншыгаровға iPhone 15 телефоны мен Дубайға жолдама табысталды. Сонымен қатар тестілеуде 130-дан жоғары ұпай жинаған бірнеше оқушы 50 мың теңгенің сертификаты және Дубайға жолдама ұтып алды.
«Білмге құштар жақсы орта таптым, бірге дайындалдым. Телефоннан алшақтап, кітапқа көңіл бөлдім. Уақытымды тиміді пайдалануға тырыстым. Ата-анамның үмітін ақтағаныма қуанып тұрмын. Осы орталыққа 10 сыныптан бастап келіп, дайындалып жүрмін. Дүниежүзі тарихы және ағылшын тілі пәндерін таңдадым. Осы орайда ата-анама және ұстаздарыма алғыс айтамын. Алла қаласа Еуразия ұлттық университетінен екі шет тілі мамандығын таңдап отырмын», – дейді Айым Ержанова.