Басты бет » Жаңалықтар » Темірлан АНАРБЕКОВ: Гол жібермей, ұтысқа жетеміз деп ниеттендім

Темірлан АНАРБЕКОВ: Гол жібермей, ұтысқа жетеміз деп ниеттендім

Кеше Астана қаласында Әлем чемпионаты 2026 аясында футболдан «Қазақстан» – «Уэльс» арасындағы матч өтті. Қазақстан құрамасы өз алаңында «Уэльсті» қабылдап, 0:1 есебімен жеңіліп қалды.

Фото: www.sports.kz

«Уэльске» қарсы ойында қақпаны қорғаған Темірлан Анарбеков Qazsport арнасына сұхбатында Ұлттық құрамада негізгі қақпашы болудың жауапкершілігі туралы айтты.

– Тренерлерге рахмет сеніп шығарғанына. Жарақаным кішкене ауырды, бірақ дәрігерлер көмектесіп, ойынға 100 пайызға дайын болдым, – деді ол.

– Негізгі құрамда шығам дегенде жалпы өзіңнің ішкі сезімің қалай болды? – деген тілші сауалына:

– Біріншіден, қуаныш, жауапкершілік және командамызда гол жібермей, ұтысқа жетеміз деп ниеттендім, – деп жауап берді Темірлан Анарбеков.

Қақпашы Темірлан Анарбеков жарақат алғанына қарамастан ойынды жалғастырып, жақсы ойын көрсете алды.

Ұлттық құрама 7 қыркүйек күні сырт алаңда Бельгияға қарсы матч өткізеді.