Басты бет » Сен білесің бе? » Ән, музыка тыңдау харам ба?

Ән, музыка тыңдау харам ба?

Сұрақ:

Ән, музыка тыңдау харам ба?

gp6ZCVYIK9fq6TMc-lg

 

Жауап:

Құрметті пайғамбарымыз­дың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ән мен музыкаға рұқсат еткен және тиым салған хадистері бар. Кейбір ғалымдар жаппай музыканы харам десе, енді біреулері адамға пайдалысын ғана халал санаған. Бұл жерде музыка тыңдаушысын имани істен тиятын болса – харам, қайта иманын ұштайтын болса – халал есебінде. Қарапайым ғана мысал: сіреңкені пайдаланып біреудің үйін өртеуге де болады немесе от жағып тамақ пісіріп жеуге де болады. Сол сияқты жоғарыдағы пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тиым салған хадисі жайлы ХІ ғасырда өмір сүрген ханафи ғұламасы Әбдул-ғани ән-Нәбулуси өзінің «Идахут – дәлалат фи самағил-әәләәт» атты еңбегінде: «Ән мен музыка адамды ғибадаттан қалдырып, нәпсісін қоздырып, мидағы сезім клеткаларын өлтіріп, ұшқалақтыққа ұрындырар болса харам» деп түсіндірген…

Қайрат ЖОЛДЫБАЙҰЛЫ

Пікір жазу