Басты бет » Жаңалықтар » Димаш Токиода өтетін ән фестиваліне қатысады

Димаш Токиода өтетін ән фестиваліне қатысады

snimok-ekrana-2019-12-18-v-16.42.50-1-678x381 (1)

Димаш Құдайберген Жапонияның астанасы Токио қаласында 30-31 желтоқсан күндері өтетін ABU TV ән фестиваліне қатысады, — деп хабарлайды dimashnews.com сайтының тілшісі.

Екі бөлімнен тұратын халықаралық деңгейдегі өнер сайысын сол күндері жапониялық телеарналардан тікелей эфир арқылы тамашалауға болады.
ABU TV ән фестивалі – әуесқой музыкалық таланттар арасындағы сайыс емес, жоғары деңгейлі дарынды да, танымал өнер иелерінің тартысты жарысы. Демек, бұл фестиваль нағыз музыка мерекесі болады деп күтілуде. ABU TV қатысушылары өздерінің елдері мен мәдениетін, өнерін әлем жұртшылығына тағы бір мәрте паш етпек. Димаштың Қазақстандағы және өзге елдердегі жанкүйерлері қазақстандық әншіге қолдау білдіреді деген сенімдеміз.
Айта кетейік, ABU TV фестивалінде әлем елдеріне танымал өнер жұлдыздары бақ сынамақ. Олардың қатарында жергілікті әншілермен қатар, үндістандық А.Р. Рахман, австралиялық Дан Султан, ветнамдық Hoang Thuy Linh, түркиялық әнші Мұстафа Сандал, Қытай елінің танымал жұлдызы Na Ying бар.

https://dimashnews.com

Пікір жазу