Басты бет » Жаңалықтар » ӘЛЕМДІК ЖҰЛДЫЗ ДИМАШ ТУРАЛЫ 10 ФАКТ

ӘЛЕМДІК ЖҰЛДЫЗ ДИМАШ ТУРАЛЫ 10 ФАКТ

79500478_147609689984898_5093804485474516992_o

1. Дінмұхаммед Қанатұлы Құдайберген 1994 жылы 24 мамыр күні Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

2. Өнерлі отбасынан шыққан. Димаштың ата-анасы елімізде танымал әншілер. Димаштың әкесі Қанат Айтбаев – Ақтөбе облыстық филармонияның басшысы, анасы Светлана Айтбаева – облыстық маслихат депутаты.

3. Димаш үйінде тұңғышы болғандықтан, ескі қазақы салтпен ата-анасының емес, атасы мен әжесінің тәрбиесінде өскен.

4. Димаш кіші жүздің Әлім руынан шыққан!

5. 2014 жылы Ақтөбе қаласында А. Жұбанов атындағы Музыкалық колледжінде «академиялық ән орындау» факультетін тәмамдаған. Қазір Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық Өнер университетінің 3 курс студенті.

6. Ең алғаш рет спектакльде ойнауымен таныла бастады. 5 жасында музыкалық колледж сахнасында алғаш әнші ретінде ән салған.
7. ЖҮЛДЕЛЕРІ:

— 2012 жылы «Жас қанат» Республикалық жас ән орындаушылар байқауында Бас жүлде;

— 2012 жылы «Восточный базар» Халықаралық байқауында І жүлде лауреаты;

— 2013 жылы «Мейкин Азия» І Халықаралық фестивалінің жеңімпазы;

— Витебск қаласында өткен XXIV Халықаралық эстрадалық ән орындаушылар «Славян базары-2015» байқауында Бас жүлдені жеңіп алады.

— 2015 жылы Стамбұлда өткен «Abu TV» Халықаралық Азия-Тынық мұхит фестивалінде Қазақстан Республикасының атынан алғаш рет қатысты.

8. «Халық сүйіктісі» Ұлттық сыйлығының лауреаты, «Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға лайықты үлес қосқаны үшін» Қазақстан Республикасының Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

9. Бүгінде Димаш Құдайбергенов Қытайдың 14 кезеңінен тұратын «I AM SINGER» («Мен әншімін») телебайқауына қатысып, екінші орын иеленді.

10. Жақында Ресейдің «Виктория» ұлттық музыкалық сыйлығының «Открытие года» номинациясын, сондай-ақ «Классикалық музыкадағы жылдың вокалисті» номинациясын «Olimpico» әнімен ұтып алды.

11. Ресейдің Мәскеу қаласында өткен «Песня года» премиясында «Жыл әншісі» аталымын жеңіп алды.

12. Ел Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында Димаш бүгін Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері атанды.

Димаштың шығар биігі әлі де алда. Сондықтан жас әншіміздің шығармашылығына толағай табыс тілейміз!

Пікір жазу