Басты бет » Жаңалықтар » Димаш Ресейде «Жылдың ең үздік әншісі» атанды

Димаш Ресейде «Жылдың ең үздік әншісі» атанды

66326786_1197961703738987_6944256935541604352_n

Аз уақытта әлемді мойындатып үлгерген қазақ әншісі Димаш Құдайберген Ресейде «Жылдың ең үздік әншісі» атанды. Бұл туралы әнші өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазды. «Қымбатты достар, сіздер екі күн бұрын Ресейдің ұлттық музыкалық «Виктория» сыйлығында екі номинацияны жеңіп алғанымды білесіздер, мен тағы бір қуанышпен бөліскім келеді, бүгін «Жыл әні» сыйлығында мен Ресейдегі «Жылдың ең үздік әншісі» деген тағы бір марапатқа ие болдым. Бүкіл әлемдегі жанкүйерлерге және Ресей халқына рахмет! Мен сiздердi жақсы көремін. Жеңісімді барша қазақстандықтардың және барлық #dears-тардың құрметіне арнадым», — деп жазды Димаш.

Бұған дейін Димаш Мәскеуде өткен Ресейдің «Виктория» ұлттық марапатында «Жыл жаңалығы» және «Классикалық музыкадағы жыл вокалисты» номинацияларын жеңіп алған болатын.

View this post on Instagram

Қымбатты достар, сіздер екі күн бұрын Ресейдің ұлттық музыкалық «Виктория» сыйлығында екі номинацияны жеңіп алғанымды білесіздер, мен тағы бір қуанышпен бөліскім келеді, бүгін «Жыл әні» сыйлығында мен Ресейдегі "Жылдың ең үздік әншісі" деген тағы бір марапатқа ие болдым. Бүкіл әлемдегі жанкүйерлерге және Ресей халқына рахмет. Мен сiздердi жақсы көремін. Жеңісімді барша Қазақстандықтардың және барлық #dears тардың құрметіне арнадым. _________________________ Дорогие друзья,все вы знаете о том что 2 дня назад на национальной Российской музыкальной премии «Виктория» я выиграл в двух номинациях.Хочу поделиться с еще одной радостью,сегодня на легендарной премии «Песня года» я получил еще одну награду «Певец года России».Огромное спасибо Россия. Спасибо всем фанатам во всем мире.Люблю вас #dears.

A post shared by Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash) on

 

Пікір жазу