Басты бет » Без рубрики » Полицейлер отбасы

Полицейлер отбасы

1562092619850

Бүгінгі Қазақстан – қалыптасқан мемлекет, үлкен геосаяси маңызы бар ел. Бірақ ең бастысы, ол – орасан зор әлеуеті және өркендейтін болашағы бар мемлекет. Қазақстанның 10-15 жылдан кейін қандай болатыны көп жағдайда мүлдем жаңа жағдайларда білім алып жатқан студенттерге, жастарға тікелей байланысты болғандықтан, Мемлекет басшысы жастарға ерекше басым көңіл бөледі, өйткені нақ осы ұрпаққа жаңа, қазіргі заманға сай Қазақстанда өмір сүріп, жұмыс істеу бұйырған. Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандық жол – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында Елбасы жастарға ерекше рөл берілетін іс-қимылдардың нақты жобасын ұсынған болатын. Елбасы жастарды бәсекеге қабілетті және кәсіби шеберлігі жоғары мамандар ретінде көргісі келеді. Бұндай жастар немесе жас отбасылар мемлекетіміздің өркендеуі мен қарыштап дамуы жолында өз үлестерін қосып, құлшына еңбекке араласып жүр. Еңбек ететін ұжымында беделге ие болып үлгерген мақтаулы жас тәртіп сақшыларынан құрылған Құрманғалиевтер отбасы. Бұл отбасы Орал қаласы полиция басқармасында еңбек етуде. Басқарма басшылығы жас болса да еңбекқор отбасын көтермелеу, олардың мамандықтарына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында мадақтап жазуды ұсынған еді.

Отбасының тірегі Шыңғырлау ауданының тумасы Дидар Құрманғалиев бүгінгі күні Шаған полиция бөлімі бастығының орынбасары лауазымында қызмет атқарады. Дидар Жасталапұлы Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясын аяқтап, алғашқы еңбек кітапшасының парағы Орал қаласының полиция басқармасынан ашылды. 2012 жылдың маусым айында криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі лауазымына тағайындалды. Қызмет барысында сауатты, әр іске байыппен қарайтын жас маман түрлі қылмыстардың ізін суытпай ашты. Қызметіндегі кәсіби шеберлігі мен қырағылығы үшін облыстық полиция департаменті мен қалалық полиция басқармасы басшыларының атынан алғыс хаттар мен түрлі марапаттарға ие болды. Бүгінгі күні Шаған полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция капитаны полиция қызметінің ыссы-суығына төзіп, еңбек көрігін қыздырып келеді. Әкесі мен анасының және бауырларының, өзінің отбасының жанашыры полиция капитаны Дидар Құрманғалиев сабырлы мінезімен бірнеше асуды бағындырады деп сенеміз.

Ал оның жары – Мейрамгүл Мирболатқызы да тәртіп сақшысы. 2015 жылы Ақтөбе қаласындағы М. Бөкенбаев атындағы заң институтын аяқтап, Орал қаласы полиция басқармасы тергеу бөлімінің тергеушісі лауазымына тағайындалды. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орынын аяқтаған жас маман Мейрамгүл Қабделхамит төрт жыл ішінде бұзақылық, ұрлық, кісі тонау сынды қылмыстық істерді тергеп, сотқа жолдады. Олардың қыздары Көркем 3 жаста, Амир есімді ұлдары 2 жасқа толмақшы.

Құрманғалиевтер отбасының бір қыры спортты жандарына серік еткен, салауатты өмір салтын алдыңғы кезекке қойған жандар. Полиция капитаны Дидар Жасталапұлы мен Мейрамгүл Мирболатқызы волейбол мен футбол, үстел теннисінен ұйымдастырылған отбасылық жарыстарға қатысады. Дидардың өзі жақсы волейболшы әрі футболшы. Басқармадағы полиция қызметкерлері арасында жасақталған футбол командасының жүйрік шабуылдаушысы. 2018 жылы Қостанай қаласында полиция қызметкерлері арасында ұйымдастырылған футбол турнирінде командамен барып, бақтарын сынап қайтты.

Осындай айрандай ұйыған, татулығы жарасқан жас отбасылар қатары көп болсын дейік.

Гүламан Исмагулова,

Орал қ.ПБ баспасөз қызметкері

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*