Басты бет » Руханият » «Ән қанатында» екі жұлдыз байқауы

«Ән қанатында» екі жұлдыз байқауы

«Ән қанатында» екі жұлдыз жұптық байқауы Ақжайықтың өнер сүйер көрермендеріне тың серпіліс берді. Қазан айының  9-ы күні бастау алған бұл жоба бір ай көлемемінде жүргізілген жұлдызды шоу бағдарлама өз мәресіне жетіп, ауылымыздың екі жұлдызы анықталды.

Ақжайық ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткізілген бұл бағдарламаға өтініш білдіріп 6 жұп қатысты. Бұған дейін сахнада кәсіби ән айтпаған көпшіліктің ықыласына бөленген, өзіндік ерекшеліктерімен көрерменді тәнті етті.  Байқаудың мақсаты – халықтың бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыра отырып, ауылдың әртүрлі салада қызмет ететін таланттарын анықтау.

Қазан айында жоспарланған думанды бағдарламаның алғашқы кезеңі «Ән көңілдің ажары» тақырыбында болды. Бұл кезеңде дауыс жағынан үйлесімділігін тапқан жұптар қазақтың халық әндерін орындаса, араға бір апта уақыт салып ұйымдастырылған байқаудың екінші кезеңі  «Хит әуен»  қазіргі кезге  дейін хит болып келген әндерді халыққа паш еткен болатын. Ал бағдарламаның келесі үшінші кезеңі ерекше сипатта өткізілді.  «Кино және музыка» кинофильмдердегі әндерін орындап, сахнада түрлі қойылымдар көрсетті. Төртінші соңғы шешуші кезең «Әнім саған туған ел» әскери-патриоттық әндер орындап, зал толы көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Бір ай бойына ауыл тұрғындарына көтерінкі көңіл күй сыйлаған думанды бағдарламаның жеңімпаздары қорытынды гала концертте белгілі болды. Ережеге сай бағдарламаның жеңімпаздары қазылар алқасы мен көрермендердің берген дауыстары нәтижесінде белгілі болды. Инстаграм, фейсбук желісіндегі ресми парақшасында арнайы қатысушыларға дауыс беру ұйымдастырылды.

Жанды дауыспен ән айтып III орынға А. Жашиева мен Г. Есенгалиева, Д. Тастаев пен Ж. Гайнуллина ие болса, II орын Ж. Файзуллина мен Н. Жексенова, Б. Сабитов пен З. Ажгерееваға, ал I орын А. Крумгалиева мен Н. Атанбузоваға берілді. Бас жүлдеге және «Екі жұлдыз» атауына лайықты жұп Г. Жазықбаева мен А. Жусупова деп танылды. Концерт соңында Теректі аудандық мәдени-демалыс орталығының әдістемелік бөлім меңгерушісі А. Кайрова мен қазылар алқасының төрағасы, мәдени саласының еңбек ардагері С. Нарышев қатысушыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыстады. Гала-концерт кешінің көркін аша түскен барлық қатысушылар  «Екі жұлдыз» әнімен шараны шарықтау шегіне жеткізді.

Нагима Мурадимова,

Ақжайық ауылдық мәдениет үйінің әдіскері

Пікір жазу