Айна

 

Анна Ганс

мейрхан

Аударма Сапашов Дастан Сейілханұлына арналады

Айнадан қорықпа,

Арыңнан қорық.

(Неміс нақылы)

Айна – тірлігімізбен біте қайнасатын құрал хəм сəнді бұйым. Əр күні ұйқыдан ояна салып, қалбымыздан жаңылмай айна алдыннан табыламыз. Сырт келбетімізді түзейміз. Жинақталамыз. Əрленеміз. Айна – сырт келбетіңізді түзеуші, тəртіпке келтіруші, тəрбиеге бастаушы дейміз жəне сол тар ұғымда қарастырамыз. Тар ұғымнан алыстай алмаймыз. Қысқасы, солай санауға дағдыланғанбыз. Айнаға қарамай, көшеге шықпаймыз. Ал, айна сөзін тек қалтамызда жүретін, көліктен табылатын, жиһаз үстінде, киім ілгіштің ішінде кезігетін айнамен шектеуге дағдыланып бара жатқанымызға не жорық? Бір сəтке болсын, ішкі рухани ар айнасы жайлы ойланып көрдік пе? Сырттымызды ғана опалай бергеннен не ұтамыз? Сыртыңның сұлулығы ішкі жан сұлулығының қасында құнсыз. Құны көк тиын. Арсыз болып сұлу болғаннан пайда не? Сырты сұлулар көп. Ішкі əлемі жүрек ауыртады. Ар айнасы дегенді түсінеміз бе? Жете түсінбей тұрып, түйсіну жайлы сөз қозғамайық. Түсініксіз түйсіне алмасымыз айдан анық қой. Ар айнаға арлы ғана қарайды. Сөзбен нан тапқан жанның ар жайлы ұмытпағаны абзал. Сөз – ардың негізі. Ардан аттап, сөз ұстаудың қажеті кем. Арлының ісі – арсыздың аяр көзіне күйік. Ал, арлыны құдай жақтайды.

(Жалғасы бар)

Аударған: Топанбай Мейірхан

Пікір жазу