Астана қаласындағы «Көрме» орталығында ІІ Еуразия Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінің екінші күні де мәдени іс-шараларға толы болды. Шет мемлекеттерден келген орыс, әзірбайжан, үнді елдерінің өнерпаздары мен Астана қаласындағы балалар өнер мектептерінің балғындары өнерлерін ортаға салды. «Қазмедиа» орталығының «Сөз мерген» студиясының өнерлі балғындары (№40 «Құлпынай», №58 «Өркен» балабақшалары) ән шырқады.
Кітап жәрмеңкесіндегі өнер мерекесінен фоторепортаж