Басты бет » Жаңалықтар (страница 20)

Жаңалықтар

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына конкурс жалғасуда

26 маусымнан 27 тамызға дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына үміткерлерден өтінім қабылдауды жалғастыруда. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет салаларында жемiстi еңбегімен көзге түскен, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында табысталады. Байқау «Әдебиет», «Ғылым», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика», «Классикалық музыка», «Қоғамдық қызмет», «Спорт», «Театр және кино», ...

Толығырақ »

Дженнифер Лопес Астанаға келді

Америкалық поп-жұлдыз Дженнифер Лопес бүгін түнде, 1 тамызға қараған түні Қазақстан астанасына ұшып келді. Әлемдік жұлдыз Astana Arena-да концерт өткізетіні белгілі. Фото: коллаж BAQ.kz BAQ.KZ редакциясы анықтағандай, әртіс ұшып келуі мүмкін рейс Flightradar24 қосымшасында бекітілген. Біз 30 шілдеде Джей Лоның UP ALL NIGHT әлемдік туры аясында концерті өткен Шарм-эль-Шейхтан ұшқан сапарды бақыладық. Жергілікті уақыт бойынша сағат 18:23-те дәл сол жерден ...

Толығырақ »

«Бұл – жас отбасыларға үлкен көмек»: «Елорда жастары» бағдарламасының игілігі

Астанада «Елорда жастары» бағдарламасы жұмыс істейтін жастарға жеңілдетілген шарттармен баспана алуға жол ашып отыр, деп хабарлады Jastar janary Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Бағдарлама аясында баспаналы болғандардың бірі – 30 жастағы елорда тұрғыны Әлібек Сенбайұлы. «Бағдарлама туралы әлеуметтік желіден көріп қалдым. Оның шарттарымен танысқан соң, өз құжаттарымды тапсырып көрмек болдым. Қажетті анықтамаларды онлайн алу мүмкіндігі болғандықтан, өтініш беру ...

Толығырақ »

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын алу бойынша конкурс басталды

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Мемлекет басшысы тағайындаған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру бойынша конкурстың басталғанын жариялайды. Грант берудің мақсаты – белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жаңа идеялар мен бастамаларды мемлекеттік қолдау. 2025 жылы республикалық деңгейде 3 млн теңгеден 30 грант берілетін болады. Грантқа 14 жастан бастап 35 жасқа дейінгі (34 жасты қоса алғанда) Қазақстан Республикасының азаматы үміткер бола алады. Грант мынадай 6 бағыт бойынша ...

Толығырақ »

«Мұғалім емес, сайқымазақ болдың»: Ақмоншақ Нұртаза директорлық қызметінен не үшін кетті?

Фото: әлеуметтік желіден Ақмоншақ Нұртаза – TikTok-та оқушылармен ерекше форматта тілдесіп, жұлдызға айналған мектеп директоры. Ол қызметінен кеткеннен кейін алғаш рет Instagram арқылы пікір білдірді, деп хабарлайды Jastar janary Anyqtime.kz-ке сілтеме жасап. Директор өзінің бұл қадамын ішкі тыныштық іздеумен және жаңа бағытқа бет бұру қажеттілігімен байланыстырды. «Үзіліс керек болды. Ішкі тыныштық, ой елегінен өткізу, алға қадамды нық басу үшін», – ...

Толығырақ »

Оқу-ағарту министрлігі: оқушылардың оқу және демалыс кезеңдері айқындалды

Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарында 2025–2026 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ каникул кезеңдерін нақтылады. Оқу процесі 2025 жылғы 2 қыркүйекте басталып, 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады. Білім күніне арналған салтанатты жиынның уақыты мен күні мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен белгіленеді. Бірінші тоқсанда оқу уақыты 8 апта. Күзгі каникул 2025 жылғы 27 қазанда басталып, 2 қарашаны қоса алғандағы 7 ...

Толығырақ »

Әйгерім Алтынбек әлемдік опера сахнасын бағындырды

Қазақстандық опера әншісі Әйгерім Алтынбек XI Халықаралық CLIP 2025 опера байқауында жеңіске жетті. Өнерпаз бірінші орыннан бөлек, байқаудың негізгі номинацияларында үздік атанып, абсолютті жеңімпаз болды. Сонымен қатар көрермен көзайымы жүлдесін, «Үздік әйел дауысы» марапатын және музыка сыншысы, арт-директор әрі педагог Карло Майердың арнайы жүлдесін иеленді. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Бұл – ел мәдениетіндегі тарихи жеңіс. ...

Толығырақ »

Қазақтың көкпары 2026 жылғы Көшпенділер ойындары бағдарламасына енбеді

Қазақтың көкпары 2026 жылғы Көшпенділер ойындары бағдарламасына енген жоқ. Бұл жөнінде Қырғызстанның Дене шынықтыру және спорт мемлекеттік агенттігінің директоры Айбек Әбдімомынов мәлімдеді, деп хабарлайды Спорт министрі телеграм арнасы. Фото: ашық ақпарат көздерінен алынды Қырғызстанның Дене шынықтыру және спорт мемлекеттік агенттігінің директоры Айбек Әбдімомыновтың айтуынша, алдағы додада тек көкбөрі турнирі өтеді. Бұл жарыс клубтық жүйе форматында ұйымдастырылмақ.  «Біз көкбөрі федерациясымен бірнеше ...

Толығырақ »

Сот Перизат Қайратқа 10 жыл, анасына 7 жыл үкім кесті

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының шешімімен Перизат Қайратты 10 жыл, ал анасы Ғайни Алашбаеваны 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Айта кетейік, Перизат Қайрат пен анасына алаяқтық және қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыру фактілері бойынша айып тағылған еді. Қылмыстық іс материалдары 109 томнан тұрады. Іс бойынша 47 адам зардап шеккен. Келтірілген залал соммасы 3,5 ...

Толығырақ »

Астаналық оқушы ғарыш әлеміне есік ашуды қалайды

«Дарын» мамандандырылған лицейінің 11-сынып оқушысы Даниал Бошан «Түнгі аспан – Қазақстан» атты ерекше бастаманы қолға алды. Оның мақсаты – мектеп ауласында еліміздегі алғашқы толыққанды астрономиялық обсерваторияны салу, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Даниал бұл жобаны жай ғана идея емес, мыңдаған қазақстандық бала үшін жұлдыздарға жақындаудың мүмкіндігі ретінде ұсынады. Заманауи телескоппен жабдықталған автоматты күмбез, цифрлық бейнекамера мен YouTube арна арқылы ...

Толығырақ »