Нұрай Серікбайды өлтіргені үшін Шерхан Аймахан өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Бұған дейін прокурор оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Тергеу мәліметінше, Аймахан Нұрай Серікбайды 35 рет пышақтаған.

Шымкент қаласындағы мамандандырылған ауданаралық сотында Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша сот үкімі шықты.
Судья Шерхан Аймаханды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша кінәлі деп таныды. Сотталушыға «Сталкинг», «Некеге тұруға мәжбүрлеу» және «Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру» бойынша айып тағылып отыр.
Айта кетейік, биыл 11 қаңтарда көпқабатты үй маңынан 21 жастағы қыздың мәйіті табылды. Денесінде пышақ жарақаттары болған. 13 қаңтарда полиция қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 28 жастағы ер адамды ұстады. Сот оны қамауға алып, тергеу «Адам өлтіру» бабы бойынша жүргізілді.
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы