Басты бет » Жаңалықтар » БИ ӨНЕРІНІҢ ЖАС ЖҰЛДЫЗЫ АҚТІЛЕК ҚЫТАЙДАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

БИ ӨНЕРІНІҢ ЖАС ЖҰЛДЫЗЫ АҚТІЛЕК ҚЫТАЙДАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Бейжің қаласында өткен халықаралық өнер байқауында Қазақстанның намысын қорғаған Ақтілек Мұхтарқызы ең жоғары марапат – Супер Гран-при иегері атанды.


9,86 ұпай жинаған Ақтілек өзінің жоғары кәсіби шеберлігімен, сахна мәдениетімен және ерекше орындау мәнерімен қазылар алқасын тәнті етті.
Ақтілек – Қазақ ұлттық хореография академиясының студенті. Оның бұл жеңісі – қажырлы еңбектің, талмай ізденудің және қазақ хореография мектебінің биік деңгейін дәлелдейтін жарқын жетістік.

Ақтілек Мұхтарқызы — Орал қаласында  2007 жылы 2 шілдеде дүниеге келген. Кішкентай кезінен (3 жасынан) бастап сахнада өнер көрсетіп келеді. Халықаралық және республикалық байқауларда топ жарған жас талантты биші, хореография өнерінің өкілі. 
Би өнеріндегі жетістіктері:
  • Халықаралық байқаулар: Түркияның Анталья қаласында өткен халықаралық “TURAN-IAF” фестивалінде екі бірдей бас жүлдені жеңіп алды. Бейжің қаласында өткен халықаралық өнер байқауында («舞蹈世界 Удао шыжие») ең жоғары марапат — Супер Гран-при иегері атанды.
  • Республикалық жобалар: «Балапан» телеарнасының жобаларында («Әжемнің сандығы» және басқа да ұлттық билер) өнер көрсеткен. «Бухара қызы», «Царица Скифов» сияқты күрделі әрі әсерлі билерді орындайды