Басты бет » Өнер – өмір өрнегі (страница 9)

Өнер – өмір өрнегі

Дубайда Димаштың жеке концерті өтті

25 наурызда Дубайдағы әйгілі «Coca-Cola Arena»-да Димаш Құдайбергеннің көптен күткен концерті орасан зор және есте қаларлықтай өтті. Бұл туралы dimashnews.com сайтында жарияланды. «Он, тоғыз, сегіз, жеті…», – деп шоу басталуын асыға күткен көрермендердің қуанышты дауыстары Арена күмбезінің астында естілді. Екі жыл мәжбүрлі үзілістен кейін Димаш ақыры сахнаға жаңа жеке концертімен оралды. Әртіс өзінің тыңдаушыларын өткен шоулардың сүйікті композицияларынан және пандемия ...

Толығырақ »

«QAZAQSTAN ДАУЫСЫ. БАЛАЛАР»

Талантты балалар бақ сынайтын әлемдік деңгейдегі ең үздік шоу – «QAZAQSTAN ДАУЫСЫ. БАЛАЛАР» бүгіннен бастап @qazaqstantv арнасында көрерменге жол тартады. Биылғы «Балалар жылына» орай өтетін бұл жоба – талантты балаларды қолдап, болашақ жұлдыздарымыздың бағын жағатыны сөзсіз. Ендеше, ел болып балалардың өнерін тамашалап, жанкүйер болайық. Әр сенбі 21:00-де Ұлттық арнада «QAZAQSTAN ДАУЫСЫ. БАЛАЛАР»   #QazaqstanДауысыБалалар #Ұлттықарна

Толығырақ »

ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ БАЛАЛАРҒА ТАРТУ ҰСЫНБАҚ!

Алғыс айту күні — күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің әрбір азаматына, бейбіт күн сыйлаған Жаратқанға, өміріміздің әрбір сәтін бақытқа бөлеп жүрген жақындарымыз бен достарымызға, жарқын болашағымыздың кепілі жас буын бүлдіршіндерімізге алғыс білдіретін ерекше мереке. Дәл осы күні Мемлекеттік қуыршақ театры да кішкентай көрермендерімізге таңдаулы театр қойылымын ...

Толығырақ »

Жас биші Гүлдана ҚАДЕРОВА: Дубайдағы «ЭКСПО-2020» көрмесінде қазақ өнері де насихатталуда

Өткен жылдың 30 қыркүйегінде Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында «ЭКСПО-2020» Халықаралық көрмесі ашылды. Халықаралық көрмеге біздің еліміз де қатысуда. Ол жерде келушілерге Қазақ елінің табиғаты, табиғи байлығы, өзіндік ерекшеліктері, ұлттық өнері таныстырылуда. Халықаралық көрме аясында Қазақстан атынан барған үлкен ұжым құрамында өнер адамдары да көрме қонақтарын ұлттық өнерімізбен сусындатуда. Сол өнер ұжымымен бірге Дубай қаласында іссапармен жүрген Нұр-Сұлтан қаласының «Наз» ...

Толығырақ »

Ақ қардан аңдар мүсіндеген Ақниет

Жас суретші Асқаров Ақниет Батыс Қазақстан облысының орталығы — Орал қаласынан шалғай орналасқан Қаратөбе ауданы Сулыкөл ауылында тұрады. Қалдығайты жалпы орта білім беретін орта мектептің 8 сынып оқушысы. Ақниет – өзі кішкентайынан еңбекқор боп өсті. Елгезек, үлкен-кішіні сыйлай біледі, мінезі жәйлі, жұғымды бала. Қолына түскен сым, жас шыбық, ермексаз болсын әйтеуір майыстырып, түйін түйіп бір дүние жасап шығаратын қасиеті бар ...

Толығырақ »

Қазақ биіне құмартқан қыз

Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында «EXPO-2020» көрмесі өтуде. Осы көрмеде нұрсұлтандық «Наз» мемлекеттік би театры ұжымы құрамында өнер көрсетіп жүрген Гүлдана Самалқызы төмендегі қызық оқиғаны баяндады. Бүкіләлемдік көрменің Қазақстан павильоны әдемі безендірілген төрт қабаттан тұрады. Ең алғашқы қабаты – Жусан залы. Бұл залдан дала иісі, жусан иісі аңқып тұр, ғажап! Бір келген адам қайта айналып келгісі келеді. Одан кейінгі залдарда ...

Толығырақ »

Жас домбырашылар Испаниядан жеңіспен оралды

Домбырашылар Темірлан Олжабаев пен Ернат Наурыз Испаниядағы «Music box» саз аспаптары байқауында жеңіске жетті. Халықаралық өнер сайысына 36 мемлекеттің өнерпаздары қатысқан. Темірлан мен Ернат АҚШ, Ұлыбритания сынды алпауыт елдердің қатысушыларын басып озған. Өнерпаздар бірінші кезеңде атақты италиялық скрипкашы Никколо Паганинидің «Каприз №24» туындысын киелі қара домбыраның тіліне салса, екінші кезеңде танымал «Тақтар тартысы» («Игра престелов») сериалының саундтрегін нақышына келтіріп ойнап ...

Толығырақ »

«Қазақстан дауысында» Құралай Мейрамбек жеңімпаз атанды

Құралай Мейрамбек — «Қазақстан дауысы» жобасының 2021 жылғы жеңімпазы. Сәкен Майғазиевтің шәкірті «Қазақстан дауысы» музыкалық жобасының жеңімпазы атанып, миллион теңге иеленді. Сонымен бірге, «Қазақстан» телерадиокорпорациясы әрі қарай Құралайдың өнеріне қолдау білдіреді. -дауыс беру нәтижесі бойынша: -орын – Құралай Мейрамбек -орын – Ерік Төленов -орын – Ернар Амандық -орын – Аружан Айдарбек иеленді. Әйгілі « » тележобасының қазақстандық нұсқасы көрерменге жарты ...

Толығырақ »

МУЗЫКАЛЫҚ ЖАС КӨРЕРМЕН ТЕАТРЫ «ӨЛІ ЖАНДАР» ҚОЙЫЛЫМЫН ҚОЙДЫ

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры көрнекті жазушы-драматург Михайл Булгаковтың 130 жылдығына орай «Өлі жандар» (Н.В. Гоголь поэмасы негізіндегі траги-фарс) қойылымның премьерасын көрермен назарына ұсынды. Жаңа қойылымның шымылдығын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театрымыздың директоры Асхат Маемиров келген қонақтарға театрымызға қош келдіңіздер айтып, көрерменге бүгінгі театрымыздың қонақтарын таныстырып, М. Булгаковтың «Өлі жандары» қазақ сахнасы кеңістігінде тұңғыш рет қазақша сөйлегелі тұрғанын ...

Толығырақ »

Музыкалық жас көрермен театры балаларға қуаныш сыйлады

Балалар күніне орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрында Мұхтар Әуезовтің «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасы өтті. Қойылым Нұр-Сұлтан қаласында тұратын қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан Ішкі істер органы қызметкерлерінің балалары үшін арнайы сахналанды. Балаларға арналған кешке Ішкі істер министрлігі орталық аппараты және Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі істер департаменті қызметкерлері қатысты. «Абай-Тоғжан» музыкалық драма қойылымында халықтық сана, ұлттық тәрбие, бабалар дәстүрі, ...

Толығырақ »