Әлімжан Көшкімбайдың Қытайда жүргеніне 10 жылдай уақыт болған. Осында білім алып, кейін кәсібін бастаған. Шетелдегі қазақстандық жастар өте ұйымшыл екенін айтады. Азия ойындарына қатысып жатқан спортшыларымызға қолдау көрсету үшін Қытайдың барлық қалаларында жүрген отандастарымыз Ханчжоуда жиналып жатыр. «Мен еліміздің боксшыларын қолдау үшін Шанхайдан келдім. Біздің жанкүйерлеріміз көп. Мысалы, Бейжіңнен дос балалар арнайы осында келді. Кейбірі бір-екі сағаттық жақын қаладардан келіп ...
Толығырақ »Архив блога
Облыс әкімі ақын Күләш Ахметованы қариялар мерекесімен құттықтап үйіне арнайы барды
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев танымал ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Жамбыл облысының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Күләш Ахметованың үйіне барды. Ербол Қарашөкеев ақынның қазақ руханияты мен мәдениетіне сіңірген еңбегін ерекше атап өтіп, келер ұрпақ одан тәлім тәрбие алатынын жеткізді — Сіздің өлеңдеріңізді бірнеше жас буын ұрпақ сүйіп оқып, өсті. Шығармашылығыңыздың негізі адал достық пен махаббат, жомарттық пен патриотизм ...
Толығырақ »Азия ойындары — 2023: СЕНСАЦИЯ! АСЛАНБЕК АСАДХУДЖАНЫ ҒАНА ЕМЕС, ӘУЕСҚОЙ БОКСТАҒЫ ӘДІЛЕТСІЗДІКТІ ДЕ ЖЕҢДІ! (видео)
Бүгін бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов (71 кг) Азия ойындарының жартылай финалына өтті. Ол Өзбекстаннан келген әлем чемпионы Асадхуджа Муйдинхуджаевты мерзімінен бұрын жеңді. Сондай-ақ Қамшыбек Қоңқабаев Азия ойындарының жартылай финалына шықты. Аса ауыр салмақта өнер көрсетіп жатқан Қамшыбек бахрейндік Данис Латыповты 5:0 есебімен жеңіп, Азия ойындарының жүлдегері атанды. Жартылай финал 3 қазан күні өтеді. Екі спортшы да әлем чемпионы, ...
Толығырақ »Орал жастары тазалық айлығын бастады
Елімізде 30 қыркүйек пен 21 қазан аралығында санитарлық-экологиялық айлық басталды. Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың міндеті. Осы мақсатта Орал қаласының жастары қала аумағын күтіп ұстау мақсатында дәстүрлі экологиялық акция ұйымдастырды. Тазалық шарасына студент жастар қатысып, белсенділік танытты. Жалпықалалық сенбілік келесі 21 қазанға дейін жалғасады.
Толығырақ »Оқу-ағарту министрі «ҰСТАЗЫМ МЕНІҢ, ҰСТАЗЫМ!» челенджін бастады
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев әлеуметтік желіде келе жатқан Ұстаздар күніне орай «ҰСТАЗЫМ МЕНІҢ, ҰСТАЗЫМ!» челенджін бастап, жазба жариялады. Ғани Бейсембаев: «ҰСТАЗЫМ МЕНІҢ, ҰСТАЗЫМ!» челенджі Құрметті әріптестер, менің қадірлі ұстаздарым! Биыл ресми түрде бекітілген төл мерекеміз – Мұғалімдер күні қарсаңында өзімнің аяулы ұстаздарым жайлы естеліктеріммен бөліскім келеді. Ең алдымен Хәкім Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» қағидасын бойыма әбден сіңірген, өмірлік ...
Толығырақ »ҚОЖАДАН АУМАЙДЫ (видео)
Тура 60 жыл бұрын 1963 жылы «Қазақфильм» киностудиясы «Менің атым Қожа» фильмін экранға шығарды. Әр адам үшін балалық шағының естелігіндей болған көпшіліктің сүйікті фильмі әлі күнге экраннан түспей келеді. Кейіпкерлері де әркез ел жадында. Күні кеше желіде аталған киноның бас кейіпкері Қожабергенге қатты ұқсайтын баланың видеосы тарады. Көпшілік видеодағы баланы көріп таңданыстарын жасыра алар емес. Бірі: «Айнымай қалған екен ...
Толығырақ »«АРТ ОРДО — 2023»: Қаллеки театры Гран-при иегері атанды
«АРТ ОРДО — 2023» халықаралық театр фестивалінде Қаллеки театры сахналаған «Баян Сұлу — Қозы Көрпеш» музыкалық драмасы Гран-при иегері атанды. ГРАН-ПРИ жүлдесімен қатар, «ТҮРКСОЙ» Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымының АРНАЙЫ СЫЙЛЫҒЫНА ие болды. КСРО Халық артисі, қырғыз халқының көрнекті театр және кино актрисасы Бакен Қыдыкееваның 100 жылдығына арналған АРТ ОРДО-2023 Халықаралық театр фестивалі бүгін өз мәресіне жетіп, салтанатты түрде шымылдығын жапты. Фестиваль ...
Толығырақ »ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ-2023: Нәтижеміз қандай?
Кеше Азия ойындары аясында Қазақстан командасы бір алтын және екі қола медаль жеңіп алды. Стенд ату: Әсем Орынбай, Зоя Кравченко және Ольга Панаринадан құралған Қазақстанның әйелдер командасы скит бағдарламасында алтын медаль жеңіп алып, Азия ойындарының рекордын (350 балл) орнатты. Ал жекелей сында Әсем Орынбай қола жүлдеге ие болды. Жүзу: Ваттерфляй әдісімен (100 метр) жүзудің финалдық кезеңінде Әділбек Мусин 51.86 секундта ...
Толығырақ »18 жасында кәсіп ашқан Бейбарыс
Жас келсе, іске! Бүгінде жастығына қарамай, бас болып кәсіп ашып, еңбек етіп жүрген еңбекқор жастар аз емес. Олар қиыншылыққа мойымай, үлкен жұмыстарды атқарып келеді. Жастарымыздың білімді де білікті, еңбексүйгіш, адал әрі жауапты болуы – еліміздің дамуы үшін қашанда маңызды. Сондай еңбексүйгіш жалынды жастың бірі – Бейбарыс Тұрсынбай. 21 жасар Бейбарыс – Шымкент қаласындағы Мұхтар Әуезов университетінің студенті. Сондай-ақ оқуымен бірге ...
Толығырақ »Туберкулез: Балаларды қалай қорғаймыз?
Рузанна Сарсенбаева, «City емханасы» ЖШС, Салауатты өмір салты дәрігері Туберкулез – дүние жүзінде кеңінен тараған жұқпалы аурулардың бірі болып саналады. Жер шарының үштен бір бөлігі туберкулез миобактериясын жұқтырған екен. Соның ішінде көпшілігі туберкулезбен латентті түрде ауырады. Яғни, жасырын түрде, симптомсыз болуы мүмкін. Алайда жасырын инфекцияның бой көтеруі әр-түрлі теріс жағдайларға байланысты. Ол дегеніміз – уайым-қайғылы оқиғалар, ...
Толығырақ »