Басты бет » Жаңалықтар » Қытайда Қазақстан мәдениет орталығы ашылды

Қытайда Қазақстан мәдениет орталығы ашылды

Мемлекет басшысы Қытайдағы Қазақстан мәдениет орталығының ашылу рәсіміне қатысты.
– Мұны, шын мәнінде, тарихи оқиға деуге болады. Бұл – қазақтың қытай халқына деген риясыз көңілі. Сондай-ақ қытай жұртының қазаққа білдірген достық пейілі. Ең алдымен, осы бастамаға қолдау көрсеткені үшін аса қадірлі Төраға Си Цзиньпин мырзаға зор алғыс айтамын, – деді Мемлекет басшысы.
Президент Мәдениет орталығында қазақ тілін үйреніп жүрген балалармен сөйлесті. Сондай-ақ Бейжің балаларына арналған киіз басудан шеберлік сабағын тамашалады.
«Құрметті Президент!
Менің атым – Лүй Цзышин. Он жастамын. Домбыраны үш жылдан бері үйреніп жүрмін. Алғаш рет домбыра үнін естігенімде қатты қызықтым. Содан анама: «Мен де домбыра үйренемін» дедім. Енді достарыммен бірге күй тартамыз. Сізге ұнайды деп ойлаймын», – деген қытайлық оқушы. Қытай оқушылары домбырамен белгілі қазақ, қытай әуендерінен попурри орындады.