ҚАЗАҚТЫҢ ТАНЫМЫ:
Аруаққа құрмет — ұрпаққа міндет.
Салт-дәстүріңді ұста!
Ұлттық үлгіде киім киіп, ұлттық болмысыңды сақта!
ҚАЗАҚТЫҢ ҚАҒИДАСЫ:
Ұят болады
Жаман болады,
Обал болады.
АНТ — СЕРТ — УӘДЕ
Антыңды бұзба,
сертіңде тұр,
уәдеңді орында.
«Ер жігіттің екі сөйлегені өлгені» — дейді атам ҚАЗАҚ.
ҚАЗАҚ БАЛАСЫН ҮШ АУЫЗ СӨЗБЕН ТӘРБИЕЛЕГЕН
ҰЯТ БОЛАДЫ
ЖАМАН БОЛАДЫ
ОБАЛ БОЛАДЫ
Ұят болады дегені — өлімнен ұят күшті, ұятты істі істеме дегені, жаным арымның садағасы дегені еді;
Жаман болады дегені — «жақсы сөз – жарым ырыс», жамандықтан аулақ жүр дегені еді; «жақсының шарапаты, жаманның кесапаты тиеді» дегені еді;
Обал болады дегені — «әр нәрсенің сұрауы бар, саған түкке тұрғысыз болған бірнәрсе басқа біреуге өте қымбат болуы мүмкін» дегені, «ешкімге көлеңкең түспесін» дегені еді.