Ертең Ливерпульде бокстан Әлем чемпионаты басталады.
World Boxing федерациясы Әлем чемпионатының жарыс бағдарламасын ұсынды. Бағдарлама бойынша 4-10 қыркүйек аралығында алдын ала жекпе-жектер өтсе, жартылай және финалдық бәсекелер 12-14 қыркүйекке жоспарланған.
Айта кетейік, әлемдік доданы «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Жарысқа қатысатын Қазақстан құрамасы:
Ерлер:
— 50 келі: Санжар Тәшкенбай
— 55 келі: Махмұд Сабырхан
— 60 келі: Бейбарыс Жексен
— 65 келі: Ертуған Зейнуллинов
— 70 келі: Төрехан Сабырхан
— 75 келі: Сабыржан Аққалықов
— 80 келі: Нұрбек Оралбай
— 85 келі: Бекзат Нұрдәулетов
— 90 келі: Сағындық Тоғамбай
+ 90 келі: Айбек Оралбай
Әйелдер:
— 48 келі: Назым Қызайбай
— 51 келі: Алуа Балқыбекова
— 54 келі: Элина Базарова
— 57 келі: Карина Ибрагимова
— 60 келі: Виктория Графеева
— 65 келі: Аида Әбікеева
— 70 келі: Наталья Богданова
— 75 келі: Надежда Рябец
— 80 келі: Гүлсая Ержан
+ 80 келі: Елдана Тәліпова