
Шоуға қатысу үшін Димаштың отанына әр елдің вокалистері келіп, еліміздің ең көрікті аймақтарын аралайды.
Түсірілім 8-29 қыркүйек аралығында Түркістан, Алматы, Ақтау және Астана қалаларында өтеді.
Жоба бүкіл әлемге таралып, миллиондаған көрермендерді Қазақстанның сұлулығымен және әртүрлі елдердің жаңа дауыстарымен таныстырады.
«Он жылдай бұрын менің Hunan TV-ге жолым «Singer» шоуынан басталды. Бүгін мен халықаралық шоудың авторы ретінде жаңа рөлде оралып жатырмын. Бұл дүниежүзіндегі адамдарды біріктіретін мәдени ынтымақтастық пен музыка тарихында жаңа тарауды ашады», – деп бөлісті Димаш.