Басты бет » Жастар үні » Еріктілер де су тасқынымен күресуде

Еріктілер де су тасқынымен күресуде

Атырау облыстық «Жастар Рухы» еріктілері су тасқынымен күресте көмек көрсетуде.

«Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерова елордалық және Атырау облыстық филиал волонтерлерімен, қала тұрғындарымен бірге су тасқынын алдын алу үшін жұмыстарға жұмылдырылды.

Айта кетеміз, бүгін Маңғыстау облыстық филиал волонтерлері де Атырау облысына көмекке келіп, қосылатын болады. Сондай-ақ волонтерлер Атырау облысында  гуманитарлық көмекті тұрғындарға үлестіреді.

Арнайы гуманитарлық көмек жинау пунктіне азық-түлік, қайық, жылу генераторлары келіп жетті. Волонтерлен оларды сұрыптап, мұқтаж азаматтарға табыстайтын болады.
Сондай-ақ, Атырау мен Маңғыстау волонтерлері құм қапшықтарды дайындап, бөгеттерді қойып жатқан азаматтарға тамақ, бәліш пен шәй таратты.