Басты бет » Жаңалықтар » Димаш Құдайберген Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккендермен кездесті

Димаш Құдайберген Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккендермен кездесті

Димаш Құдайберген Ақтөбедегі су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатқан еріктілер штабында болды.Ақтөбедегі «Анаға тағзым» орталығы су тасқынынан зардап шеккендер тұрып жатқан эвакуация пункттеріне қажет азық-түлік пен тұрмыстық заттарды жинайтын негізгі пунктке айналды. Мұның бәріне мыңдаған ерікті жұмылдырылған.

«Кішкентай кезімнен мені қолдап, биік белестерді бағындыруға тілектестік білдірген жерлестеріме келмей тұра алмадым. Жаңалықтан мемлекет тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіліп жатқанын білдім. Ең бастысы, адамдар қалыпты өмірге қайта оралса болды»,
— деді Димаш Құдайберген.

Еріктілер қозғалысының тиімді жұмыс істеуі үшін облысымызда аймақтық штаб құрылды, онда волонтерлер екі топқа бөлінді. «Автоволонтерлер» тобы зардап шеккендерге көлікпен көмек жеткізсе, екінші топ гуманитарлық көмекті жинау және таратумен айналысады.

Облыста су тасқыны басталғаннан бері тәулік бойы жұмыс істеген 8600 еріктінің арқасында зардап шеккендерге айтарлықтай көмек көрсетілді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ақтөбе қаласының әкімдігi (@aqtobe_akimat)

               Суреттер бейнежазбадан скриншотталды