1421 жылы Нидерландыда алапат су тасқыны боп, көп адам шығыны болады.
Тасқын қайтқан соң бірде адамдар су бетімен ағып келе жатқан бесікті байқайды..
Жақындағанда қараса бесікте сәби жатыр.
Жанында мысық күзетіп отыр.
Бесікті жағаға шығарса, сәби тірі екен.
Бесіктің неше уақыт аққаны белгісіз, бірақ сәби де, мысық та қатты әлсіреген.
Толқындар бесікті төңкеріп тастамас үшін, мысық бесіктің екі жағына кезектесіп секіріп отырғанын адамдар бесіктегі мысық іздерінен байқапты.
Осы аңыз кейін көптеген суретшілердің қаламына арқау болды.
Өмір Шыныбекұлының
Фейсбук парақшасынан
Сурет: «Тасқын» (1870)
Джон Эверет Милле