Адам баласының бәрі бақытты және табысты болғысы келеді, бірақ оған қалай қолжеткізуді кейде біле бермейміз. Мамандардың айтуынша, тәжірибе көрсеткендей, біздің ойлауымыз бен сөзіміздің өмірімізге үлкен әсері бар. Осы орайда Life.ru басылымы адам өміріне сәттілік пен бақыт әкелуге көмектесетін он сөз тіркесін ұсынады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
1. «Мендегі бар нәрсеге ризамын»
Біз көбінесе өзімізде жоқ нәрсе туралы ойлап, армандаймыз, бірақ бізде бар нәрсені мүлдем елемейміз. «Мендегі бар нәрсеге ризамын» деп айту арқылы сіз өміріңіздегі бар игілікке шүкір етіп, жақсылықтың одан сайын артуына себепші боласыз.
2. «Мен табысқа лайықпын»
Барлығымыз да сәттілік пен бақытқа лайықпыз. Бұл туралы дауыстап және жиі айтыңыз! Бұл өзіңізге сенуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ бізді үнемі қоршап тұратын табысқа жету мүмкіндіктерін байқай бастайсыз.
3. «Мен өміріме ризамын»
Өмірден ләззат алу және өзіңізде бар нәрсеге қанағаттану адамға бақыт пен сәттіліктің серік болуына көмектеседі. «Мен өміріме ризамын» деп жиі шүкір етсеңіз – сіз өзіңіздегі қуанышқа қаншама себеп барын түсінесіз.
4. «Мен жаңа мүмкіндіктерге ашықпын»
Біз бәріміз өзгерістерден қорқамыз, сондықтан біз жаңа мүмкіндіктер мен перспективаларға көз жұмып қараймыз. «Мен жаңа мүмкіндіктерге ашықпын» деп қайталау сізге жаңа тәжірибелерге эмоционалды түрде ашық болуға көмектеседі.
5. «Мен бақыттымын және денім сау»
Егер осы сөзді жиі еске түсірсеңіз және айтсаңыз, онда өміріңіздегі ең басты нәрселерге назар аударасыз, сәйкесінше сәттілік те серік болады.
6. «Мен өзімді толықтай қабылдаймын»
Қоғамның таңған талаптарын орындауға тырысуды доғарыңыз. Өзіңізді және жеке қасиеттеріңізді қабылдау – бақытқа жетудің маңызды қадамы. «Мен өзімді толықтай қабылдаймын» деп қайталау арқылы сіз тәніңіз бен жаныңызды жақсы көруді үйренесіз және ол көңіл-күйіңізге жағымды әсер етеді.
7. «Мен сүйікті ісіммен айналысамын»
Өзіне ұнайтын іспен айналысу адамды бақытты етеді. Сондықтан жаныңызға рахат сыйлайтын іспен айналысыңыз! Жұмысыңнан жалықпау деген нағыз бақыт емес пе?!
8. «Менің өмірімде тек позитивке орын бар»
Біз ойымыз бен сөзіміз арқылы өмірімізге әсер ете аламыз. Егер біз тек позитивке назар аударар болсақ, біздің өмірімізде сәттілік пен қызықты мүмкіндіктер көп болмақ. Сондай-ақ біздің энергиямыз бен көңіл-күйіміз басқаларға да әсер ететінін түсіну керек. Бірақ тек жақсы ойлап, жақсы сөйлеу ғана емес, сонымен бірге осы ойлар мен сөздерге сәйкес әрекет ету маңызды екенін ұмытпаңыз.
9. «Мен қазіргі сәтпен өмір сүремін»
Біз көбінесе айналамызда болып жатқан нәрсені елей бермейміз де, автопилотта өмір сүреміз. Осы сәттен ләззат алудың орнына өткенге немесе болашаққа алаңдаймыз. Сондықтан бір сәт айналаңызға қарап, мән беріп, бүгінгі күнмен өмір сүруді үйреніңіз.
10. «Мен өмірдің қиындықтарына дайынмын»
Өмір қиындықтар мен сынақтарға толы, бірақ дәл солар біздің өсіп, дамуымызға көмектеседі. Осы тіркесті қайталау және соған іштей дайын болу сіздің алдыңыздан жаңа мүмкіндіктердің ашылуына көмектеседі. «Жоғарыдағы сөз тіркестері тек сөз екенін және олардың ешқандай сиқырлы әсері жоқ екенін түсініңіз. Өміріңізді шынымен жақсы жаққа өзгерту үшін диваннан тұрып, соған сәйкес әрекет етуді бастау керек. Өзгеріп, алға жылжудан қорықпаңыз – сонда сәттілік пен бақыт көп күттірмейді», – деп түйіндейді басылым.
Автор: Әсел Дағжан