Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина күні кеше Нью-Йоркте өткен US Open-2026 турнирінің әйелдер арасындағы жекелей сында чемпион атанды.

Финалда Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы, турнирдің екі дүркін қазіргі чемпионы Арина Соболенконы 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңді.
Бұл — Рыбакинаның мансабындағы үшінші «Үлкен дулыға» титулы. Бұған дейін ол 2022 жылы Уимблдонды, ал 2026 жылы Australian Open турнирін жеңген еді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны теннистен АҚШ Ашық чемпионатындағы жеңісімен құттықтады.
«Бұл – Сіздің әлемнің бірінші ракеткасы атағына лайық екеніңізді растайтын тамаша табыс. Сіз тағы да асқан шеберлік пен табандылық танытып, жоғары мәдениетіңізбен көпшілікті тәнті еттіңіз. Қазақстан халқы жетістіктеріңізді мақтан тұтады. Ерен жеңісіңіз жаңа белестерді бағындыруға жол ашсын! Сіздің кәсібилігіңіз Қазақстанның жас теннисшілері үшін үлгі-өнеге», – делінген құттықтауда.
Айта кетейік, Елена Рыбакина әлемнің №1 ракеткасы атанған болатын. Қазақстан тарихында теннистен алғашқы үлкен жетістік.
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы