Республикалық «Шарапат» шығармашыл жастар байқауының бас жүлде иегері – Топанбай Мейірханның Шаяхметова Күнсұлу Тұрғынбекқызы мен Нұрсұлтан Біләлге жазған хаттарын оқырман қауымның сұрауымен ұсынып отырмыз.
Шуақ
(Күнсұлу Тұрғынбекқызына)
Бірінші хат
Шуақ! Жаныңызды жылы шырайымен жылыта алатын күніңіз бар ма, жоқ па? Күн дегенге күлмеңіз. Қиялилық емес. Шуақ – қайыспас қара жерге де, жер бетін мекен етер пендеге де керек.
Севиль Карахан
Күн апа, әлемде әуелден жақсылық үстемдік еткен, етуі тиіс, етеде беруі керек. Адамның барлығының арман-қиялы жақсылыққа құрылмай ма?! Жақсылықтың мәнін таразыламас бұрын жақсы деген қандай сөз екеніне назар салсақ. Ия. Жақсы сөзі – тірліктегі ең қадірлі сөз, ешқашан арзандатуға болмайтын сөз. Неге? Жақсы сөзі арзандап барады? Жақсыны неге көрмейміз? Біз мейлі, жанарларын күн сүйген жандар неге көрмейді? Жақсы сөзі – адамның ақ пейілінің көрінісі болар сөз. таңданыс пен толқынысты бере алатын сөз. Ал жақсылық ше? Жақсылық – жаратқан разылығына жасалатын іс. Сізді екі сөздің маңынан алыстата қарау еш мүмкін емес. Күн апа, мен жақсы сөзін арзандатқан адамдарды түсіне алмаймын. Решат Нури Гунтекиннің бір көңілге жақын сөзі бар. «Жақсының аты – аңыз деседі, десе де, жақсыны жасықтың жек көрмек кеселі. Сол сәттер көңілге ауыр мұң көшеді, десе де, жақсының ісінен сан жүрек жайланып, жасықтың тірлігі бір күні өшеді».
Жақсының атын аңыз қылған дұрыс-ау. Гүнтекиннің меңзегені, жасық емес, мүмкін қара ниет пасық болар?.. Жақсылардың сағын сындыруға талпынатын тағы мінез жандар… Апа, жақсыларды жылату оңай екен. Ал жұбату кей кез мүмкін болмайды екен. Маған кей күні бір қызық ой келеді? Мен өмірдегі бар адамды өзімдей көремін. Ақ сөйлегім келеді, жүрегімді жалғандыққа үйреткім келмейді. Осы менің сенім мен сезімім бөгде адамдардың қолындағы ойыншықтай көрінетін кездері болады. Жақсымын деп жан ұшыра айқайлауға ұялам, бірақ ешкімге жасаған жамандығымның жоғы да өзіме аян. Мен сіздей болғым келеді. Жақсы хәм дара! Тасқын сезімдерімнен қуат алған жанымның шуағын өмірдің ауыртпалығы еңсесін езіп, жан аязын сезінгендерге төгілсе деймін және жан шуағымды аямай төккім келеді. Дәл сіз секілді, Күн апа!!!
(Нұрсұлтан Біләлға)
Бірінші хат
Үмітіңді жандырған сөз, сенім оты болып көкейің де лаулаған сөз – бір ауыз жылы сөз!
Фериде Аслан
Шынайлық!!! Өмірдегі бар адамның бәрі дерлік шынайылыққа зәру. Шынайылықтың құдіреті – жүректі сөйлете алатын күшінде. Біз неге өзімізді қинап, болмыстыматап, жасанды күліп әуреміз бүгін? София ақын дәл менің жүрегімдегі сөзді жазыпты. «Шынайылық – тірлікте адам бойынан табылмас құндылыққа айналып барады.себебін іздесең, үнсіз ғана жүрек егілер». Ойлар қажытқан. Жүрегім егілген. Шынайы болмысын сақтай алған замандас іздегем. Шынайылыққа неліктен құмар дейсіз бе? Шынайылық қана өмірдегі адамды бағалай алуға сеп болады. Жасандылық пен жалған сөздердің жүрекке жешбір пайдасы жоқ. Зарары бар, кәдімгі күздегі жапырақтай жүректі солдырып, белгісіз бір бейжайлық пен самарқаулыққа әкеледі. Ешбір нәрсе жүрекке әсер ете алмайды. Былай айтқанда, өмірдегі адамдықтың негізі – жан жылуы жоғалады. Сондықтан шынайы адам іздедім. Шынайылықтың өмірдегі мәнін терең ұққым келді. Іздей де бердім, әлі де іздей берем.!!!
Шынайылық – адамдарға шынайы ықылас төгуден басталып, бір ауыз жылы сөзді жүрекке құя салу. Тағдыр маған тосын сыйын жасады. Мен таптым. Әзірге тек өлең сөйлесін. Келесі хаттан, қара сөзге кезек беремін. Жырды-жырға жалғау – өмірдегідей үмітті-үмітке жалғау сынды. София Марсель есімді Француз ақынының «Шынайы» атты өлеңін шынайы адам СІЗ үшін аударған едім.
Шынайы
Шынайы,
Жүрек сөйлесе,
Шынайы,
Үміт тербесе.
Шынайы,
Ақ сезім,
Көкіректі кернесе.
Шынайы,
Сөз сөйленсе.
Шынайы,
Өмір өзгеше.
Шынайы,
Бір жылы сөз,
Жан жарасын емдесе.
Шынайы,
Қоңырау шалсаң.
Шынайы,
Қолымнан алсаң.
Шынайы,
Жанымды ұға алсаң.
Шынайы,
Бітер еді бұл сарсаң.
Шынымен,
Алыста болсаң,
Жақыным боларсың,
Тілекшім болып.
Сырым сөйленбеген,
Жүректе болсаң,
Дұғамда боларсың,
Біткенше күнім жарық.
Жыр құсым боларсың,
Ұшатын жүрек жарып.
Шынайы,
Сөздерді бағалайық.
Шынайы,
Адамды адам аялайық.
Жалғасы бар.