Басты бет » Жаңалықтар » ГАГАРИН ҒАРЫШҚА ҰШҚАНДА ТАҚҚАН САҒАТЫН ӨЗБЕКӘЛІГЕ СЫЙЛАҒАН. ОЛ САҒАТ ҚАЙДА ҚАЗІР?

ГАГАРИН ҒАРЫШҚА ҰШҚАНДА ТАҚҚАН САҒАТЫН ӨЗБЕКӘЛІГЕ СЫЙЛАҒАН. ОЛ САҒАТ ҚАЙДА ҚАЗІР?

Гагарин адамның миына симайтын деңгейде атақты адам болған. Оның даңқы СССР-де ғана дүркіреп тұрды дей алмайсың. Совет пропогандасының арқасында культы күшті болған жоқ. Расымен де адамның ғарышқа ұшуы сұмдық сенсация болды. Бүкіл әлем дүрлігіп кетті. Гагаринді құрметтеп еліне шақырмаған мемлекет қалмаған шығар, сірә! Барған мемлекетінің бәрінде оған адамзат тарихында бір де бір басшыға көрсетілмеген құрмет пен ілтипатты көрсетті. Ең аяғы латын америка елдері де жаппай жалаулатып көшенің екі жағында оған гүл лақтырып тұрды. Гагарин өзі де мықты жігіт болса керек, анандай атақты былқ етпей көтеріп кетті. Өте қарапайым кісі болды деп бәрі мақтайды. Бәлкім содан болар Өзбекәлі екеуі жақсы болған сияқты. Екеуі де нағыз адамға тән қарапайым қасиеттің бәрін сіңіріп алған. «Екеуі дос болды дейсің бе, сәті келгенде кездейсоқ түсе салған фото шығар» деуге жібермейтін бір факты бар. Ол Гагариннің ғарышқа ұшқан кезде білегенде болған қолсағат. Сол қолсағатын Гагарин біздің Шәуілдірден шыққан ақжүрек атамызға сыйға тартыпты. Осыған қарап Гагариннің алдында Өзбекәлі көкемнің қандай абырой-беделі болғанын болжауға болады. Өзбекәлі Жәнібек ол сағатты өзінің немесе баласының білегіне тағып қоймаған. Алматыда жаңадан бір музей ашып, сағатты сол жерге тапсырған. Бірақ 91-ден кейін басталған бардак заманда Гагариннің сағаты тұрмақ Өзбекәлінің музейінің өзі қайда кеткенін таппай қалған сияқты ғой. Ол қайсы музей? Сағатты кім алып кетті? Ол жағы маған беймәлім енді. Бірақ бір нәрсе анық. Гагарин Өзбекәлі Жәнібектің алдында өзін жайлы сезінген. Әйтпесе Алматыдан келген көп хатшының біріне қолсағатын шешіп бере ме?! Атамыздың әруағы асқан боп тұр ғой не болса да!
Санжар Керімбай