«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау басталды. Ұлттық әдеби сыйлық отандық қаламгерлерді қолдау және қазақ әдебиетінің дамуына ықпал ету мақсатында өткізіледі, деп хабарлайды Jastar janary Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Биыл бесінші рет ұйымдастырылатын ұлттық сыйлыққа «Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драматургия», «Үздік әдеби аударма», «Үздік балалар әдебиеті», «Үздік әдеби сын» және «Үздік комикс» номинациялары бойынша бұрын жарияланбаған туындылар қабылданады.
Байқауға отандық жазушылар қатыса алады және үміткерлердің жас ерекшелігіне шектеу жоқ. Әдеби сыйлықтың жалпы жүлде қоры – 35 млн теңге. Әр номинацияға 5 млн теңгеден беріледі.
Өтінім 2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін www.aiboz.kz сайты арқылы қабылданады.
Ұлттық әдеби сыйлық жыл соңында табысталады.
Толық ақпаратты www.aiboz.kz сайтынан немесе +7 707 333 5610 нөмірі бойынша білуге болады.
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы