Басты бет » Жаңалықтар » Қазақстан Туы. Канада. Imanbek. Жанкүйер қошеметі

Қазақстан Туы. Канада. Imanbek. Жанкүйер қошеметі

Белгілі қазақстандық диджей Imanbek (Иманбек Зейкенов) Канаданың Торонто қаласында өткен Veld Music Festival атты музыкалық фестивалінде өнер көрсетті.

Imanbek өзінің инстаграм парақшасында фестиваль барысындағы видеомен бөлісті.  Видеода Imanbek пен BYOR-дың «Belly Dancer» атты трегі ойналуда. Осы жылдың шілде айында аталған трекке анимациялық клип түсірілген. 29-31 шілде аралығында өткен фестивальде отандасымыз соңғы күні өнер көрсетті. Imanbek-тің өнер көрсету сәтінде мыңдаған жаткүйерлері қазақ баласының өнеріне зор қошемет білдіріп, көк Туымызды асқақтата желбіретті.