Беларусь Республикасының Витебск қаласында Славян базары XXXI халықаралық өнер фестивалінің «Витебск-2022» балалар байқауында Әлинұр Хамзин жүлделі екінші орын иеленді.
Конкурста Алинұр Хамзин Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Қазағым-ай» әнін орындап, қазылар алқасы жерлесіміздің өнеріне ең жоғарғы – 70 ұпай берді. Ал екінші күнгі додада Уильям «Смоки» Робинсонның «Who’sLovin’You» әнін шырқап, 68 ұпай еншіледі. Сөйтіп, жас талант 138 ұпай жинап, лауреат атанып, Қазақ елінің мәртебесін көтерді.
Әлинұр талай байқауларда үздіктер қатарынан көрініп жүргені көпке белгілі. «Junior Eurovision» ән байқауының ұлттық іріктеу кезеңінде жеңімпаз атанып, Париж қаласында өткен «Junior Eurovision Song Contest» балалар ән байқауында еліміздің намысын қорғаған еді.
«Qazaqstan Балалар дауысы» ән байқауында Ж.Дұғалованың тобында тамаша өнер көрсеткен болатын.