ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің әлеуметтік желідегі парақшасында жазбасынан:
«Өткен аптаның соңында мен Ақмола облысындағы дарынды балаларға арналған, қазақ-түрік лицейінің «мұрагері» «IT Білім-инновация-лицейінде» болдым. Мен солардың бірінің түлегімін.
Бұл өзінің жабдықталуы бойынша бұрын-соңды болмаған ең жақсы мектептердің бірі. Лицейде заманауи жабдықтар, физика, химия, биология зертханалары, робототехника және бағдарламалау кабинеттері бар. Мен оқыған лицейде мұндай нәрсе болған жоқ. Жеке және шығармашылық дағдыларды дамыту үшін музыкалық сынып, шахмат кабинеті, бассейн бар. Барлығы балалардың әртүрлі бағытта дамуына арналған.
Дәл осындай жағдайлар жаңа мамандарды қалыптастырады (жаңа мамандардың қалыптасуына әсер етеді/үлесін қосады). Егер заманауи бағдарламалау тілдері мен IT дағдылары университетте немесе арнайы курстарда емес, мектеп қабырғасынан бастап оқытылатын болса, біз қандай артықшылыққа ие болатындығымызды елестетіп көріңіз. Біздің заманымызда осындай жағдайлар мен мүмкіндіктер болғанда, менің замандастарым бұдан да биік белестерді бағындырар еді.ҚТЛ (BIL) мен және көптеген түлектер үшін болашаққа жолдама, нағыз өмір мектебі болды. Кезінде бізге тәрбие мен білім беру жүйесі Түркиядан келді, ал негіз ретінде Cambridge, Oxford сияқты британдық жетекші университеттермен бірге салынған базалық академиялық бағдарламалар алынған болатын. Жалпы алғанда, бұл бөлек білім беретін модель британдық элиталық «boys-only boarding schools» мектеп-интернаттарының тәжірибесіне негізделген.
ҚТЛ-де бізге тек білім беріп қана қоймай, туған жерге деген сүйіспеншілікке, үлкендерді құрметтеп, командада жұмыс істей білуге және мінезді қалыптастыруға тәрбиеледі. ҚТЛ түлектері ұзақ жылдар бойы жолдастық қарым-қатынасты сақтайды, «лицейліктер» мектеп өмірінің қиындықтарын қатар жеңеді, қуаныштарымен бөліседі. Сондықтан мен де осы күнге дейін «лицейліктермен» байланыста боламын, біздің елімізде мұндай мектептердің көбірек болуы біз үшін әрқашан арман болды. Мен түлектерді қауымдастыққа біріктіру әрекетін қолдайтындардың қатарында болдым. Біздің болашағамыздың жолдамасы болған білім беру жүйесі көптеген студенттерге қолжетімді болғанын қалаймын. Тіпті статистикалық мәліметтерге сүйенсек те, олимпиада жеңімпаздары, қазақстандық және шетелдік үздік жоғарғы оқу орындарына түскен түлектер саны жағынан үлкен қаржы мен мемлекет қолдауы бар мектептердегі оқушылардан кем түспейді, тіпті кей жерлерде асып түседі.
Өткен жылы мен астаналық ҚТЛ түлектерімен кездестім. Олар Ақмола облысының әкімі Ермек Маржикпаевтың оларды қолдап, мектеп ашу үшін жаңа ғимарат бөлгенін айтты. Содан кейін оқушыларда IT-лицейді, яғни өзіндік Digital School ашу идеясы туындады, бұл мені IT-маманы ретінде өте қуантты.
Уақыт бір орында тұрмайды, біз алға жылжып, көбірек мектептер ашып, тәрбиеленушілерге ең жоғары деңгейде бәсекелесуге мүмкіндік беретін пәндерді енгізуіміз керек.
Қазіргі күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев техникалық мамандарды тәрбиелеуге көп көңіл бөледі. Мемлекет басшысының бұйрығы бойынша, біздің алдымызда кемінде 100 000 жоғары білікті IT-мамандарды тәрбиелеу міндеті тұр. Ал мұндай мектептер Қазақстанның болашақ инженерлік және технологиялық интеллегенциясын дайындау алаңы бола алады.
Бүгін Қасым — Жомарт Тоқаев: «Жаңа Қазақстан — бұл абстрактілі идея емес, болашақтың айқын бейнесі», — деп айтқан болатын. Болашақ қазірдің өзінде мектеп қабырғасынан басталуы тиіс және Katev-тен тараған Бурабайдағы «IT Білім-инновация-лицей» мысалында осындай Digital Schools дамуын қолдау бізге осы айқын бейнені іске асыруға көмектеседі»