Apple компаниясы алғашқы бүктелетін iPhone Duo смартфонын таныстырды.
Жаңа құрылғы ашылған кезде, пайдаланушыға 7,6 дюймдік ішкі экран ұсынады. Ал сыртқы экранның өлшемі – 5,4 дюйм.
Смартфонның жады 256 гигабайттан басталып, ең жоғары нұсқасында 2 терабайтқа дейін жетеді. Apple мәліметінше, iPhone Duo сыртқы экран арқылы видео көрген кезде 44 сағатқа дейін жұмыс істей алады.
iPhone Duo-да екі қосымшаны бір уақытта пайдалануға мүмкіндік беретін Split View функциясы да бар. Netflix, Zoom және Slack сияқты танымал сервистер жаңа бүктелетін экран форматына бейімделіп жатыр.
Камера жағында да қызықты мүмкіндік қарастырылған. Енді негізгі камера арқылы селфи түсіріп, түсірілім барысын сыртқы экраннан бірден бақылауға болады.
Жаңа смартфонның бағасы 2 мың доллардан басталып, 3 мың долларға дейін барады.
Ресми сатылым 23 қазанда басталады.
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы