Басты бет » Топжарған » ТАРИХИ СӘТ! Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды

ТАРИХИ СӘТ! Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды

Қазақстандық теннисші US Open ширек финалында қытайлық Чжэн Циньвэньді жеңіп, мансабында алғаш рет WTA рейтингінің көшін бастады.

Елена Рыбакина – Қазақстан тарихындағы әлемнің бірінші ракеткасы атанған алғашқы теннисші.

Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады.

– Сіз айрықша талант пен тынымсыз еңбектің және өзіңізге деген нық сенімнің арқасында WTA рейтингінде көш бастап, биік шыңды бағындырдыңыз. Осынау тарихи жеңісіңіз қазақ спортының даңқын асырды. Есіміңіз әлемдік теннис жылнамасынан ойып тұрып орын алды. Сіздің жетістікке толы жолыңыз – еліміздің жас спортшылары мен дүниенің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған теннис жанкүйері үшін үлгі-өнеге. Сонымен қатар кортта да, қоғамдық орындарда да, жұртшылықпен қарым-қатынас барысында да байқалатын жоғары мәдениетіңізді айрықша атап өткім келеді. Бұл – сөзсіз Сіздің парасатыңыз бен адами қалпыңыздың айқын көрінісі, – деп жазылған құттықтауда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаның чемпиондарға тән жалынды рухтан қуат алып, жаңа белестерге батыл қадам баса беруіне тілектестік білдірді.