Бұл тест сіздің өмір ағымына, өзгеріске, жаңа кезеңге қаншалықты дайын екеніңізді көрсетеді.
Суретке ұзақ ойланбай қараңыз. Қай картина көзіңізге бірінші болып түсті сол нөмірді таңдаңыз. Өйткені адам ең алдымен өз ішкі күйіне жақын дүниені байқайды.
1-сурет.
Сіз өмірдің дауылынан қорықпайтын жансыз.
Өзгерісті қиындық емес, мүмкіндік деп қабылдайсыз. Өміріңізде жақсы өзгеріс болуы үшін өзіңіз де әрекет етесіз, күтумен ғана шектелмейсіз.
Қиын кезеңдер келсе де, мойымайсыз. Мәселені айналып өтпей, шешуге тырысасыз. Сізде өмірге өкпе емес, өмірді жақсы жаққа өзгертуге деген ішкі күш бар. Бірақ бір нәрсені ойланғаныңыз жөн:
кейде өз қалауыңызды кейінге ысырып, өзгенің өмірін бірінші орынға қойып кетесіз.
Өзіңіздің де арманыңыз, өз жолыңыз бар екенін ұмытпаңыз.
2-сурет.
Сіз үшін өзгеріс – жүрекке салмақ түсіретін дүние. Өміріңіздегі тұрақтылықты, үйренген ортаңызды қатты қадірлейсіз. Бір сөзбен айтқанда іштей комфортный болмаса да «зона комфортада» отырсыз.
Күтпеген өзгерістер жаныңызды алаңдатып, ішкі тыныштығыңызды бұзуы мүмкін. Кейде бәрі бұрынғы қалпында қала бергенін қалар едіңіз. Сіз жақындарыңызға, үйренген өмір ырғағына қатты байланып қалған жансыз. Сол себепті жаңа кезеңге қадам жасау оңайға соқпайды. Бірақ өмір тоқтап тұрмайды.
Өзгеріс – жоғалту емес, кейде адамның жаңа қырын ашатын мүмкіндік.
Сіз ойлағаннан әлдеқайда мықтысыз.
3-сурет.
Сіз өмірдегі жақсыны қалыпты нәрсе деп қабылдайсыз. Ал әділетсіздік пен ұнамсыз өзгерістерге қатты реакция бересіз.
Мінезіңізде күш бар. Өз өміріңіз бен отбасыңызда бәрі өзіңіз ойлағандай болғанын қалайсыз. Жақындарыңызды қорғауға тырысасыз, қателікке ұрынбасын дейсіз.
Бірақ кейде өмірді толық бақылауда ұстауға тырысу яғни мен бәріне контроль жасап отырмасам бәрі қирайды деп ойлау адамды шаршатып жібереді. Әр нәрсені күреспен емес, сеніммен қабылдауды да үйрену керек.
Жақсылықты жиі байқай бастағанда ғана ішкі тепе-теңдік келеді.
4-сурет.
Сіз өзгерістен сақтанатын жансыз. Белгісіздік сізді мазалайды. Сол себепті кейде тіпті ұнамайтын жағдайдың өзінде қалып қоясыз.
«Қазіргіден де жаман болып кетсе ше?» деген ой көп нәрсеге тоқтау қояды. Бірақ өмірді қатырып қою мүмкін емес. Өзгеріс бәрібір келеді.
Сіздің басты сабағыңыз – қорқынышқа қарамай қадам жасай білу. Өйткені кейде адамды шаршататын нәрсе – қиындықтың өзі емес, өзгерістен қашу.
5-сурет.
Сіз өзгерісті өмірдің табиғи бөлігі ретінде қабылдайсыз. Тіпті кейде жаңа әсер, жаңа орта, жаңа эмоция іздеп тұрасыз.
Сізге қозғалыс, еркіндік, жаңалық ұнайды. Бір орында тұрып қалу жаныңызды жалықтырады.
Өміріңіздегі көп өзгерісті өзіңіз бастап кететін кездер болады. Тәуекелден қорықпайсыз.
Бірақ кейде сезіммен шешім қабылдап, салдарын кейін ойлап жатасыз. Ұзақмерзімді нәтиже үшін кейбір қадамға байыппен қарау қажет.
6-сурет.
Сіз өмірдегі өзгеріске сабырмен қарайтын жансыз. Артық тартысты, жанжалды, дәлелдеуді ұнатпайсыз. Көп нәрсенің өмір заңдылығы екенін түсінесіз. Сол себепті өзгеріс келгенде қарсыласпай, мәнін ұғуға тырысасыз.
Сізде төзім бар, ішкі тыныштық бар. Бірақ кейде өз шекараңызды қорғауды ұмытып кетесіз.
Есіңізде болсын:
жұмсақ болу әлсіздік емес. Ал кей жағдайда өз мүддең үшін күресе білу өзіңді құрметтеудің белгісі.
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы
