Орал қаласындағы Ботаникалық бақта «Жыр қанатындағы жастар» облыстық ақындар дуэлі өтті. Бұл туралы Jastar janary жазды Өңірлік Коммуникациялар Қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық қоғамдық даму басқармасы мен «Орал студенттер альянсы» корпоративтік қоры өткізген жоба өңірдегі жас ақындарды қолдауға, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.
Қазылар алқасының шешімімен ІІІ орын Ақбота Ширмеденге, ІІ орын Арнұр Жұмабайға, І орын Меңдібек Лұқпанға бұйырды. Ал облыстық ақындар дуэлінің бас жүлдесін жас ақын Дәурен Шамұратов жеңіп алды.
Шара аясында қатысушылар Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына қолдау білдіріп, Ботаникалық бақ аумағына ағаш көшеттерін отырғызып, естелік тақтайшалар орнатты.
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы
