
фото: pixabay
Оқиға Астана-Шымкент бағытындағы SCAT әуе компаниясының рейсінде болған. Жолаушы ер адамның жағдайы кенеттен нашарлап, есінен танып қалған.
Бортта медицина қызметкерлері болмағандықтан, Қарағанды медицина университетінің 7-курс студенті Дінмұхаммед Шегебаев жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсеткен.
Нәтижесінде, жолаушының жағдайы тұрақтанып, ұшақ қонғаннан кейін жедел жәрдем қызметіне тапсырылған.
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы