Басты бет » Жаңалықтар » «QAISAR» – ерліктің және Отанға деген адалдықтың мектебі (видео)

«QAISAR» – ерліктің және Отанға деген адалдықтың мектебі (видео)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел жастары айрықша түсінуге тиіс ең маңызды үш қасиетті атап өткен еді. Олар – терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық. Осы орайда «AMANAT» партиясы өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беруге бағытталған «QAISAR» жобасын қолға алып келеді.
Жоба аясында партияластар саналы, жауапты әрі отаншыл азаматтардың жаңа буынын қалыптастыру ісіне үлес қосуда. Осы жылдар аралығында 7 мыңнан астам жас азамат жобаға қатысып, өз күшін сынап, рухын шыңдады.

 «QAISAR» жобасы арқылы жас ұрпақ еңбекқорлыққа, өз Отанына адал болуға және батырлыққа ұмтылуға үйренеді.