JOLTAP жобасы – елорда тұрғындарына жаңа жұмысшы немесе цифрлық мамандықты меңгеруге, жұмысқа орналасуға, фриланспен айналысуға немесе өз ісін бастауға көмектесетін ең тиімді әрі қолжетімді бағдарлама.
JOLTAP әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға және «жалпыға бірдей жұмыспен қамту» қағидатын іске асыруға бағытталған. Басты мақсаты – сұранысқа ие дағдыларды оқыту арқылы халықтың табысын арттыру.
Жоба Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып, «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына сәйкес жүзеге асырылуда.
· Жұмыссыз және табысы тұрақсыз адамдар. Тұрақты жұмысы жоқ немесе тұрақсыз табысы бар, тұрақтылықты іздейтін азаматтар.
· NEET санатындағы жастар. Оқымайтын және жұмыс істемейтін, еңбек жолын бастағысы келетін жастар.
· Көпбалалылар мен осал топтар. Халықтың әлеуметтік осал топтары мен көп балалы отбасылар.
· Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар мен қандастар. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар мен біліктілігін арттырғысы келетін қандастар.
· Елорда агломерациясының тұрғындары. Қосшы, Қоянды, Талапкер, Үркер, Лесозавод, Оңтүстік-Шығыс және басқа да аудандар.
· Түлектер мен еңбек жолын енді бастаған мамандар. Оқуын жаңа аяқтап, сұранысқа ие мамандықты тез меңгергісі келетіндер.
Жұмысшы мамандықтары бойынша оқыту курстары қарастырылған:
-
Тігінші.
-
Cәнгер-құрастырушы.
-
Тігін өндірісінің операторы.
-
Бариста.
-
Аяқкиімді жөндеу және кілттерді жасау.
-
Электргазбен дәнекерлеуші.
-
Электрмонтаждаушы.
-
Корпустық жиһаз жасау негіздері.
-
Сату менеджері.
-
Kaspi дүкеніндегі сауда негіздері.
- Шағын бизнестің есебі мен салық салық.
Цифрлық дағдылар бойынша оқытылатын заманауи онлайн мамандықтар:
-
Бизнес үшін чат-боттар.
-
Жарнамалық фото мен бейнеге арналған нейрожелілер.
-
Таргетолог.
-
Графикалық дизайн.
-
Негізгі цифрлық дағдылар.
Неліктен JOLTAP-ты таңдайды?
Қысқа мерзімде
Жаңа дағдыны меңгеру 5-тен 22 күнге дейін уақыт алады.
Тәжірибеге барынша басымдық
Бағдарламаларымыздың 80%-ы тәжірибелік сабақтардан, ал 20%-ы теориядан тұрады.
Тәжірибелі тәлімгерлер
Жобадағы барлық оқытушылар – өз саласында тәжірибесі мол, қазіргі уақытта жұмыс істейтін мамандар.
Микробизнес экожүйесі
Өз ісіңізді сәтті бастау үшін бірден бірнеше бағытты меңгеріңіз — жұмысшы мамандықтар, сату және қаржы.
2026 жылғы маусым айы бойынша JOLTAP бағдарламасының нәтижелері:
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы

