Басты бет » Жаңалықтар » Президент шахматшы Бибісара Асаубаеваны марапаттады

Президент шахматшы Бибісара Асаубаеваны марапаттады

Мемлекет басшысы Бибісара Асаубаеваны ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бибісара Асаубаеваны шахматтың блиц түрінен әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады.

– Бибісара Асаубаева Қазақстаннан шыққан блицтен үш дүркін әлем чемпионы және майталман шебер ретінде дүниежүзілік шахмат тарихына енді. Қазақстандық шахмат қауымдастығы мемлекетіміздің көк Туын жаһандық аренада биік желбіреткен отандасымыздың жеңісін мақтан тұтады. Бибісара Асаубаеваның халықаралық жарыстардағы айтулы жетістіктері мен ел шахматын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін оны ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдадым, – делінген құттықтауда.
Айта келу керек, Бибісара шахматтан Катардағы жаһан додасында блиц санаты бойынша топ жарды. Отандасымыз финалда украиналық Анна Музычуктан басым түсті. Осылайша, ол блицтен үш дүркін әлем чемпионы атанған алғашқы қазақстандық шахматшы атанды.