Құжатта педофилия мен дәстүрлі емес жыныстық бағдарды насихаттайтын ақпаратты қоғамдық орындарда, бұқаралық ақпарат құралдарында, телекоммуникациялық желілерде және онлайн-платформаларда таратуға шектеу қою қарастырылған.

Сенатта «ЛГБТ-ны насихаттауға» қатысты жауапкершілік қолданыстағы құқықбұзушылықтардың алдын алу туралы заң аясында қарастырылатыны айтылды. Бұл – заңға қайшы контентті тарату ретінде бағаланады. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов мәлімдеді.
Жаза тәртібі:
• алғаш рет анықталса – 20 АЕК көлемінде айыппұл (шамамен 80 мың теңге);
• бір жыл ішінде қайталанса – айыппұл көлемі ұлғаяды немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамау қолданылуы мүмкін.
Министрдің айтынша, уәкілетті органдар тексерісті өз бастамасымен бастамайды, тек арыз түскен жағдайда ғана шара қолданады.
Заң қабылданғаннан кейін Мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы