Басты бет » Жаңалықтар » Михаил Ломтадзе – астаналық «Жеңіс» футбол клубының иесі

Михаил Ломтадзе – астаналық «Жеңіс» футбол клубының иесі

Мемлекет басшысының Қазақстандағы футболды дамыту стратегиясының аясында Михаил Ломтадзе Астанадағы «Жеңіс» клубының иесі болды. Бұл туралы kaspi.kz инстаграм арнасы жазды.

Фото: kaspi.kz

Бұған дейін Михаил әлемдік деңгейдегі футбол академиясын құру жоспарлары туралы айтқан болатын. Бүгінгі таңда академияның Астанадағы «Жеңіс» ФК базасында құрылатыны белгілі болды, онда жас таланттар халықаралық стандарттар бойынша тегін жаттыға алады.

Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе (@mikheil.lomtadze):

«Менің арманым — Қазақстан мен Англияда әлемдік деңгейдегі кәсіби балалар футбол академиясын құру. Онда ең талантты жас футболшылар, болашақ жұлдыздар тәрбиеленеді. Академияда оқу толығымен тегін болады. Жас спортшылар еліміздің және футболдың отаны – Англияның жетекші мамандарымен жаттығуға мүмкіндік алады.
Футбол – көптеген елдерде мақтаныш көзі болып табылатын, ең көп таралған және көпшілік қызыға тамашалайтын спорт түрі. Қазіргі заманауи технологиялардың көмегімен біз қазақстандық футболды жаңа деңгейге көтеріп, әлемдік деңгейдегі ойыншыларды тәрбиелейміз деп сенемін».

Инфрақұрылымнан басқа, кәсіби футбол деңгейін арттыруға және барлық деңгейдегі ойыншыларды жүйелі түрде дайындау үшін жағдай жасауға көңіл бөлінетін болады.

«Жеңіс» футбол клубының бас директоры Айдын Қожахмет (@aidynkozhakhmet):
«Михаил Ломтадзе сияқты инвестордың болуы – клубтың дамуына үлкен мүмкіндік. Футболдың болашағы балалардан, инфрақұрылымнан және заманауи әдістерден басталатынын бәріміз түсінеміз.
«Жеңіс» клубының тарихы бай, біз бірге клубтың бұрынғы даңқын қайтарып, бүкіл қазақстандық футболдың жарқын болашағына өз үлесімізді қоса алатынымызға сенімдіміз».

«Жеңіс» клубы 1964 жылы құрылған, ол Қазақстанның ең көне және титулды футбол клубтарының бірі болып табылады. Өз тарихында клуб үш рет (2000, 2001, 2006) Қазақстан чемпионы атанды және үш рет (2001, 2002, 2005) ел Кубогын жеңіп алды.