
Бас прокуратура өкілдерінің айтуынша, олар “экстрадицияны соңына дейін талап етпек”.
“Бұл мәселені бақылаудан шығармаймыз және оның экстрадициясына дейін жұмыс істейміз. Мұнда белгілі бір рәсім бар: Интерпол іздеуде жүрген адамның орналасқан жерін анықтайды, содан кейін экстрадиция механизмі іске қосылады”, – деді Бас прокуратурада.
Неліктен Қазақстанға экстрадиция қажет? Алматы полициясы қылмыстық істі тергеп жатыр. Ер адам есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар деп күдіктеледі.
Айта кетейік, Ақжарқынның айтуынша, дәл Адинду Нонсо оған Қытайдан Малайзияға брендтік тауарларды жеткізу жөнінде “қосымша табыс табу” ұсынысын жасаған. Алайда оның сөмкесінен есірткі табылған. Қытай соты Ақжарқынды өмір бойына бас бостандығынан айырған еді.
Тengri.kz телеграм арнасы
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы