Астана сотында Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаеваға шыққан үкім апелляциялық сатыда қаралды.
Шағымды Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қарады. Айыпталушы тараптың адвокаты шағым түсіріп, бірінші сатыдағы үкімнің күшін жоюды сұраған болатын.
2025 жылдың шілдесінде Biz Birgemiz Kazakhstan 2030 қорының жетекшісі Перизат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша – «Алаяқтық», 218-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы – «Аса ірі көлемде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату)» бойынша кінәлі деп танылған болатын.
24 қазанда сот алқасы шешімімен бірінші сатыда шыққан үкім өзгеріссіз қалды. Сот қаулысы күшіне енді. Прокурордың айтуынша, қазір Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаева Астананың тергеу изоляторында отыр. Олар бір мекемеде, бірақ екеуі екі бөлек камераға қамалған.