Мәжілісте мәдени-бұқаралық іс-шараларда фонограммаларды пайдалануға шектеу енгізу жөніндегі түзетуді қабылданғаны туралы Парламент Мәжілісінің депутат Еділ Жаңбыршин әлеуметтік желідегі парақшасында.
Фото: nashteatr.com
Мәжіліс депутаттары жаңа ғана жалпы отырыста мәдени-бұқаралық іс-шараларда фонограммаларды пайдалануға шектеу енгізу туралы түзетуді қабылдады.
Депутаттың айтуынша, бұдан былай концерттерде, ойын-сауық кештерінде, мәдени шараларда фонограммамен ән айтуға тыйым салынады, көрермендер тек жанды дауысты орындауды тыңдайды, шынайы өнерге, кәсіби дайындыққа басымдық беріледі.
– Бұл өзгеріс қазақ өнерінің сапасын арттыруға, әншілердің кәсіби деңгейін көтеруге, халықтың мәдени талғамын қорғауға бағытталған. Өнер халыққа адал болуы тиіс. Фонограммасыз мәдениет – таза, шынайы өнердің кепілі, – деді жазды Еділ Жаңбыршин.