«Жастар Рухы» жастар қанатының «Есірткіге жол жоқ» акциясы Астанада жалғасын тапты. Шара барысында Астана қаласындағы аулалар мен қабырғалардағы есірткі жарнамасы бар граффитилер жойылды. Бұл туралы «Жастар Рухы» ЖҚ-ның телеграм арнасы жазды.
Акцияға «Жастар Рухы» төрағасы Ақерке Искандерова, Астана қалалық полиция департаментінің өкілдері, «Жастар Рухы» Астана қалалық филиалының төрағасы Арсланбек Мағзұм, Жастарды қолдау кеңесінің мүшесі Тимур Гизатулин, сондай-ақ қоғам белсенділері мен рухтастар қолдау көрсетті.
Айта кетейік, атаулы акция республика көлемінде жыл басынан бері ұйымдастырылып келеді. Осы уақыт аралығында 12 мыңнан астам есірткі жарнамасын бейнелейтін граффити жойылды. Мұндай әрекеттердің басты мақсаты – есірткі заттарының таралуына тосқауыл мен жастардың назарын әлеуметтік қауіптерден сақтандыруға бағытталған.