Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өткен әлем чемпионатында он жүлдеге іліккен боксшыларымыз мемлекет тарапынан қомақты сыйақы иеленеді. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 7 алтын, 1 күміс және 2 қолаға қол жеткізді.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, чемпион — 15 000 доллар, күміс жүлдегер — 7 000 доллар, қола жүлдегер — 5 000 доллар алады. Осылайша, жалпы төлем көлемі 122 000 долларды (65,9 миллион теңге) құрайды.
Сонымен қатар, боксшылардың бапкерлері де қаржылай марапатталады: шәкірті «алтын» алса — 10 000 доллар, «күміс» үшін — 5 000 доллар, «қола» үшін — 3 000 доллар беріледі.