Басты бет » Жаңалықтар » Рухтастар әлем чемпиондарын қарсы алды

Рухтастар әлем чемпиондарын қарсы алды

Ливерпуль қаласында өткен бокстан Әлем чемпионатында Қазақстанның ұлттық құрамасы елге оралды. 

Чемпиондарды «Жастар Рухы» белсенділері әуежайдан күтіп алды.

Айта кетейік, 4-14 қыркүйек аралығында Ұлыбритания мемлекетінің Ливерпуль қаласында өткен бокстан Әлем чемпионатында Қазақстанның ұлттық құрамасы 7 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль қанжығалап, командалық есепте 1-орын иеленді.


Атап айтқанда, Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева, Төрехан Сабырхан, Наталья Богданова және Айбек Оралбай алтыннан алқа тақты. Өз кезегінде, Назым Қызайбай күміс медаль иеленсе, Виктория Графеева мен Елдана Тәліпова ел қоржынын қола медальмен толықтырды.